Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 02 ақпандағы №33 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлғаны айқындау туралы» 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 428 және «Республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қолдау жөніндегі заңды тұлғаны айқындау туралы» 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1057  қаулыларына өзгерістер енгізу туралы


Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.    Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1)    «Концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлғаны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің                    2014 жылғы 30 сәуірдегі № 428 қаулысында (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 31, 277-құжат):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Kazakhstan Project Preparation Fund» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:
1)    республикалық концессиялық жобаларды;
2)    егер жергiлiктi атқарушы органның тиісті шешімінде өзгеше белгіленбесе, жергілікті концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлға ретінде айқындалсын.»;
2)    «Республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлғаны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1057 қаулысында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Kazakhstan Project Preparation Fund» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қолдау жөніндегі заңды тұлға болып айқындалсын.».
2.    Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі                                                       Б. Сағынтаев

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу