Әкімшілерге негізгі сыйақының ең төмен мөлшерлері мен оны төлеу қағидаларын бекіту туралы
«Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) әкімшілерге негізгі сыйақының ең төмен мөлшерлері;
2) Әкімшілерге негізгі сыйақы төлеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасының әзірленуі мен жүзеге асырылуына қатысты депутаттық сауал