02 Шілде 2014, 10:10
Кредиторлар талаптары тiзiлiмiнің нысандарын, оны қалыптастыру қағидалары мен мерзімін бекiту туралы
«Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 72-бабының 7-тармағына және 88-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) оңалту рәсіміндегі кредиторлар талаптары тізілімінің нысаны;
2) банкроттық рәсіміндегі кредиторлар талаптары тізілімінің нысаны;
3) мақта өндеу ұйымдары кредиторларының талаптары тізілімінің нысаны;
4) астық қабылдау кәсіпорындары кредиторларының талаптары тізілімінің нысаны;
5) Кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру қағидалары мен мерзімі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 желтоқсандағы № 1437 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 5, 100-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1363 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 72, 951-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 15-тармағы.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу