Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «04» ақпандағы № 51 қаулысы

«Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру қағидаларын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 шілдедегі № 734 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру қағидаларын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 шілдедегі № 734 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 48, 622-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру қағидаларында:

5-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) жұмыс мақсатында келетіндерге – қолданыстағы заңнамаға сәйкес алынған шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат болған кезде жұмыс берушінің қолдаухаты негізінде, ал Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) азаматтары мен олардың отбасы мүшелері үшін мүше мемлекеттің еңбекшісі жұмыс берушімен немесе жұмыстарға (көрсетілетін қызметтерге) тапсырыс берушімен жасаған еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт негізінде;»;

6-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

«Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында кірген кезде рұқсаттама рұқсаттың қолданылу мерзіміне, ал мүше мемлекеттердің азаматтары мен олардың отбасы мүшелері үшін мүше мемлекеттің еңбекшісі жұмыс берушімен немесе жұмыстарға (көрсетілетін қызметтерге) тапсырыс берушімен жасаған еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарттың қолданылу мерзіміне беріледі.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                         К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу