Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 04 сәуірдегі №323 Қаулысы

Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2014 жылға қаражат бөлу және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы

 

«2014 – 2016 жылдарға   арналған   республикалық   бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы   Қазақстан Республикасының Заңына және «2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 1329 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2014 жылға қаражат бөлу;

2) Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2014 жылға бөлінетін қаражатты пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. Орталық мемлекеттік органдар тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне кәсіптік стандарттардың әзірлену барысы туралы есептер берсін.

3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жарты жылда бір рет, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне кәсіптік стандарттардың әзірлену барысы туралы ақпарат берсін.

4. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі               К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу