Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 04 маусымдағы №363 Қаулысы

«Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2019 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 327 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.    «Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2019 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 327 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2019 жылға арналған тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2-жолмен толықтырылсын:
«
2    «Астана қаласының жаңа көлік жүйесі. LRT (әуежайдан жаңа теміржол вокзалына дейінгі учаске)»    698 559 957 мың теңге (1 887 999 883 АҚШ долларына балама)    2016 -2020    1 600 000 000 АҚШ долларына дейінгі балама    «Астана LRT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі    Бағалы қағаздардың ішкі нарығындағы инвесторлар
                                                         ».
2.    Осы қаулы 2019 жылғы 15 маусымнан  бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                       А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу