Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 4 қарашадағы № 873 қаулысы

«Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

мынадай мазмұндағы 2-1 тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамы 2019 жылдың қорытындысы бойынша шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікте көрсетілген таза кірістің
5 (бес) пайызын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге жібереді.».

2. Осы қаулы 2020 жылғы 23 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                         Ә. Смайылов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу