Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «05» қарашадағы № 662 қаулысы

Атырау облысының кейбір мемлекеттік білім беру мекемелерін қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»  1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының   4-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, темiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есiмiн беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мынадай мемлекеттік білім беру мекемелері:

1) Атырау облысы «Индер ауданы Кулагин орта мектебі» мемлекеттік мекемесі – «Қалам Есқалиев атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

2) Атырау облысы Құрманғазы ауданы «Ганюшкин мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі – «Зейнолла Серікқалиұлы атындағы мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі               Б. Сағынтаев

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу