Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «07» қазандағы № 573 қаулысы

«Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 260 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 260 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 10, 116-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Фильтрлі 20 (жиырма) сигаретке:

1) 2016 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін – екі жүз жетпіс теңге мөлшерінде;

2) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап үш жүз теңге мөлшерінде ең төмен бөлшек баға белгіленсін.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                       Б. Сағынтаев

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу