Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 08 ақпандағы №46 Қаулысы

Өскемен қаласының әкімшілік шекарасын өзгерту туралы

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 13-бабының 5) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Глубокое ауданының жалпы ауданы 94,8173 гектар жерлерінің бір бөлігін Өскемен қаласының шегіне қосу жолымен Өскемен қаласының әкімшілік шекарасын өзгерту туралы «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы Глубокое ауданының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының Үкіметіне келісуге енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 қазандағы № 14/168-VI шешіміне және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 248 қаулысына келісім берілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

 

Қосымша 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу