08 Тамыз 2014, 14:15
Еңбек сіңірген жылдарына пайыздық үстемеақы төлеу үшiн кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдары құтқарушыларының өтілін есептеу қағидаларын бекіту туралы
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 35) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қоса берiлiп отырған Еңбек сіңірген жылдарына пайыздық үстемеақы төлеу үшiн кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдары құтқарушыларының өтілін есептеу қағидалары бекiтiлсiн.
2. «Қызмет өткерген жылдарына пайыздық үстемеақы төлеу үшiн кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары құтқарушыларының жұмыс стажын есептеу ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1185 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 32-33, 405-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу