Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі №697 Қаулысы

«Автомобиль көлiгi туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы»

2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткiзу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көлiктiк бақылау бекеттерінің тiзбесi бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                                                                                С. АХМЕТОВ

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу