Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге қатысты өтемақы шарасын қолданудың орындылығы туралы қорытынды дайындау мақсатында тергеп-тексеру жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге қатысты өтемақы шарасын қолданудың орындылығы туралы қорытынды дайындау мақсатында тергеп-тексеру жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасының әзірленуі мен жүзеге асырылуына қатысты депутаттық сауал