Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі №679 Қаулысы

Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту және «Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1196 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін.

2. «Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1196 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларында:

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Үшінші тараптың құзыретті органына таратылуы шектелген, «Құпия» деген белгісі бар және оған қатысты «ҚБПҮ» деген белгісі алынған қызметтік ақпаратты осы Қағидалардың 46-тармағына сәйкес мемлекеттік орган басшысының рұқсатымен және осы Қағидалардың 26 және 26-1-тармақтарында көзделген талаптарды сақтай отырып жіберу жағдайларын қоспағанда, таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты ашық байланыс түрлерінің техникалық арналары (жалпы пайдаланылатын телефон және факсимильді байланыс, радиобайланыс, спутниктік және ұялы (жылжымалы (мобильді) байланыс, интернет желісі) бойынша беруге жол берілмейді.»;

26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«26. «ҚБПҮ» деген белгісі бар құжаттар мен басылымдарды әрбір жекелеген жағдайда осы мемлекеттік орган басшысының жазбаша рұқсаты бойынша ғана шетелдік заңды (жеке) тұлғаларға және олардың өкілдеріне беруге жол беріледі.

Мұндай құжаттар алдын ала мемлекеттік орган құратын орталық сараптама комиссиясының отырысында қаралады, ол оны берудің орындылығы немесе егер беру сәтіне дейін ондағы мәліметтер өзінің бастапқы мәнін жоғалтқан болса, «ҚБПҮ» деген белгіні алу мүмкіндігі туралы қорытынды шығарады.

Егер «ҚБПҮ» деген белгісі бар құжаттар мен басылымдарда басқа мемлекеттік органдардың құзыретіне қатысты мәліметтер болса, оларды шетелге беру тек осы мемлекеттік органдар басшыларының келісімімен ғана жүзеге асырылады.

«ҚБПҮ» деген белгісі бар басылымдарды кітап алмасу тәртібінде шетелге жіберуге жол берілмейді.»;

мынадай мазмұндағы 26-1 тармақпен толықтырылсын:

«26-1. Сыртқы сауда және сауда қызметі саласындағы уәкілетті органның не Еуразиялық экономикалық комиссияның тергеп-тексеруді жүргізуге жауапты ретінде айқындаған органының, не үшінші тараптың, не Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің құзыретті органының сұрау салулары бойынша мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде сыртқы сауда және сауда қызметі саласындағы уәкілетті орган арқылы Еуразиялық экономикалық комиссияның тергеп-тексеруді жүргізуге жауапты ретінде айқындаған органына, үшінші тараптың және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің құзыретті органдарына тергеп-тексеруді жүргізу мен сауда және өтемақы шараларын қолдану мақсаттары үшін қажетті, таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын, «ҚБПҮ» деген белгісі бар мәліметтерді заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынады.

Көрсетілген ақпаратты сыртқы сауда және сауда қызметі саласындағы уәкілетті органға «ҚБПҮ» деген белгісі бар құжаттарды кейіннен қайта жіберу үшін жіберген кезде мемлекеттік органдар өзінің ілеспе хатында жіберілетін мәліметтерді Еуразиялық экономикалық комиссияға, үшінші тараптың немесе ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің құзыретті органдарына беруге басшының рұқсатының нөмірі мен күнін көрсетеді.»;

37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«37. Мыналарға:

1) таратылуы шектелген құжаттар мен басылымдардағы мәліметтерді халықаралық (жаһандық) деректер беру желілерінде, интернет желісінде орналастыруға;

2) оларды жария сөз сөйлеуде немесе ашық баспасөзде, радио мен телевизия бағдарламаларында жариялауға;

3) «ҚБПҮ» деген белгісі бар құжаттар мен басылымдарды ашық көрмелерде экспонат ретінде көрсетуге, оларды стендтерде, витриналарда немесе көпшілік көретін басқа орындарда көрсетуге жол берілмейді.

Таратылуы шектелген, «Құпия» деген белгісі бар және оған қатысты «ҚБПҮ» деген белгісі алынған қызметтік ақпаратты осы Қағидалардың 46-тармағына сәйкес мемлекеттік орган басшысының рұқсатымен және осы Қағидалардың 26 және
26-1-тармақтарында көзделген талаптарды сақтай отырып, үшінші тараптың құзыретті органына жіберу жағдайлары қосылмайды.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі   А. Мамин

Ережелер                                                     

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу