Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 желтоқсандағы №1571 Қаулысы

 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар ушін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспаганда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ак техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2012/2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Республикалық бюджеттен каржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Куштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2012/2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысьш бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ҮкіметІнің 2012 жылғы 18 мамырдағы № 640 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2012/2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
кестенің 3-бағанында:
«Онын ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды оқытуға» деген жолдағы «1400» деген сандар «1300» деген сандармен ауыстырылсын;
«Оның ішінде Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде Түрік Республикасынан, басқа түркі тілдес республикалардан студенттерді оқытуға» деген жолдағы «100» деген сандар «200» деген сандармен ауыстырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттен ңаржыландырылатын білім беру ұйьшдарында жоғары оқу орньшан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2012/2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
«Магистратураға қабылдау» деген кестеде:
 
Атауы     Мемлекеттік білім беру тапсырысы     Оқу жылы ішінде 1 магистрантты оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың
теңгемен)       

     
     2012 жылғы 4 айға    2013 жылғы 8
айға       
1    2    3    4 ,       
Ұлттық ЖОО, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Халықаралық ақпараттар технологиялары университеті    4214    215,4    430,9       
Басқа ЖОО    2490    132,0    264,0       
Назарбаев университеті    100    2023,2    3339,0       
Өнер ЖОО    55    X    X       
Ауғанстан азаматтары    30    215,4    430,9       
Ломоносов атындағы
ММУ Қазақстандық филиалы    20    375,6    751,2       
Барлығы    6909            
«деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: «

 
Атауы     Мемлекеттікбілімберутапсырысы     Оқу жылы ішінде 1 магистрантты оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мьң теңгемен)       

     
     2012 жылғы 4 айға    2013 жылғы 8
айга       
1    2    3    4       
Ұлттық ЖОО, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Халықаралық ақпараттар технологиялары университеті    3341    215,4    430,9       
Басқа ЖОО    3378    132,0    264,0    
 
Өнер ЖОО    55    Х    Х        
Ауғанстан азаматтары    15    215,4    430,9       
Ломоносов атындағы
ММУ қазақстандық
филиалы    20    375,6    751,2       
Барлығы    6809            
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                        С.Ахметов

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу