Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі №345 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі туралы ережеде:

16-тармақ мынадай мазмұндағы 164-1), 164-2), 164-3) және 164-4) тармақшалармен толықтырылсын:

«164-1) аккредиттеу жөніндегі органды таңдау бойынша конкурс өткізу қағидаларын және сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі органға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;

164-2) сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеуге арналған өтінімнің, мәлімделетін аккредиттеу саласының, сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханаларына (орталықтарына), өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға арналған паспорттардың, сәйкестікті бағалау бойынша жұмыстарды орындайтын персонал туралы мәліметтердің нысандарын бекітеді;

164-3) сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу алдындағы және аккредиттеуден кейінгі үлгілік шарттарды бекітеді;

164-4) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі нормативтiк құжаттарды әзiрлеу тәртібін айқындайды және бекiтедi;»;

17-тармақта:

73) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«73) инвестициялық преференцияларды ұсынуға арналған өтiнiмдердi қабылдайды, тiркейді және қарастырады;»;

мынадай мазмұндағы 81-1) тармақшамен толықтырылсын:

«81-1) сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі органды таңдау бойынша конкурстарды ұйымдастырады және өткізеді;»;

85) тармақша алынып тасталсын;

18-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

«3-1) сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі органды тексеру нәтижелері бойынша мәртебесінен айыру туралы ұсыныммен Қазақстан Республикасының Үкіметіне жүгінеді;».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                К. Мәсімов

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу