Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «11» сәуірдегі № 204 қаулысы

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізінің басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2016 жылға арналған квоталарды белгілеу және «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізінің басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізінің басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2016 жылға арналған квота белгіленсін.

2. Қоса беріліп отырған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізінің басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары бекітілсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                          К. Мәсімов

Қосымша 1

Қосымша 2

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу