Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 мамырдағы №478 Қаулысы

Жарияланды: Жексенбі, 11 Мамыр 2014

«Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 156 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 156 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі және Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен нысаналы ағымдағы трансферттердің бекітілген сомаларын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударуды қамтамасыз етсін.»;

2) 3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) есепті айдан кейінгі айдың 15-ші күніне дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне 010 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер» және 038 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер» бюджеттік бағдарламалары бойынша және Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігіне«005 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне халықтың иммундық-профилактикасын қамтамасыз етуге берілген ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша нысаналы ағымдағы трансферттердің бөлінген сомаларының пайдаланылуы туралы есептер беруді қамтамасыз етсін.»;

3) көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидаларында:

4) 2-тармақта:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»;

мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган – тұтынушылардың құқықтарын қорғау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы басқаруды және реттеуді, тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттермен және нормативтік құжаттармен белгіленген талаптардың сақталуын, сондай-ақ тағам өнімдерін өткізу сатысында оның қауіпсіздігі саласын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»;

5) 3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«005 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне халықтың иммундық-профилактикасын қамтамасыз етуге берілген ағымдағы нысаналы трансферттер»;

6) 4-тармақта:

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«7) жасөспірім қыздарды жатыр мойны обырына қарсы вакцинациялауға арналған вакциналарды, диабетке қарсы препараттарды, туберкулезге қарсы препараттарды, гематологиялық науқастарға арналған химиялық препараттарды, гемофилиямен ауыратын науқастарға қан ұйыту факторларын, жіті миокард инфаркты бар науқастар үшін тромболитикалық препараттарды, «В» және «С» вирустық гепатиттерімен ауыратын балаларды және ересектерді емдеуге арналған дәрілік заттарды, АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдарды емдеуге және байланыста болғаннан кейінгі адамдардың профилактикасына арналған ретровирусқа қарсы препараттарды, миастениямен ауыратын науқастарды емдеуге арналған препараттарды, реналдық анемиясы бар бүйрек функциясының созылмалы жетіспеушілігімен ауыратын науқастарды емдеуге арналған препараттарды, муковисцидозбен, мукополисахаридозбен, Гоше ауруымен ауыратын балаларды емдеуге арналған препараттарды, бытыраңқы берішпен ауыратын науқастарға арналған препараттарды, амбулаториялық деңгейде онкологиялық науқастарға арналған дәрілік заттарды (таргенттік препараттар), жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, жүрек функциясының созылмалы жетіспеушілігі, аритмия, пневмония, өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы, асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы аурулары бойынша өтеу коэффициентін 0,5-тен 1,0-ге дейін жеткізе отырып, халықтың жекелеген санаттарына дәрілік заттар менмедициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға;»;

4-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

«8) халықтың иммундық-профилактикасын қамтамасыз етуге арналған вакциналар мен басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға пайдаланылады.»;

7) 10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Уәкілетті орган және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ТМККК қамтамасыз ету және кеңейту жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде нысаналы ағымдағы трансферттердің тиімді пайдаланылуын үйлестіруді және мониторингтеуді жүзеге асырады.»;

8) 18, 19, 20, 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«18. Уәкілетті орган және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімнің, тиісті бюджеттік бағдарламалардың төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларының негізінде нысаналы ағымдағы трансферттерді аударуды жүргізеді.

19. Нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану кезінде үнемдеу пайда болған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары 010 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер» және 038 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер» бюджеттік бағдарламалары бойынша үнемделген соманы уәкілетті органмен келісім бойынша және «005 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне халықтың иммундық-профилактикасын қамтамасыз етуге берілген ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша соманы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісім бойынша Нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімде айқындалған нәтижелер көрсеткіштерін жақсарту үшін пайдалануға құқылы.

20. Қандай да бір облыс және Астана мен Алматы қалалары бөлінген қаражатты толық игермеген, оның ішінде облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу нәтижелері бойынша игермеген жағдайда 010 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер» және 038 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер» бюджеттік бағдарламалары бойынша және 005 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне халықтың иммундық-профилактикасын қамтамасыз етуге берілген ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органға заңнамада белгіленген тәртіппен нысаналы трансферттердің сомаларын облыстардың, Астана және Алматы қалаларының арасында қайта бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізеді.

21. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары 010 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер» және 038 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер» бюджеттік бағдарламалары бойынша уәкілетті органға және 005 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне халықтың иммундық-профилактикасын қамтамасыз етуге берілген ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органға Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп береді.

22. Уәкілетті органжәне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде есеп береді.».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                                                            К. Мәсімов


Жаңалықтар тізбегі
27 Қаңтар 2021, 20:09
Серік Қожаниязов ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
27 Қаңтар 2021, 11:05
Қанат Сәрсембаев ҚР Білім және ғылым министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
26 Қаңтар 2021, 16:48
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді
26 Қаңтар 2021, 13:45
Ковидті емдейтін дәрі-дәрмектердің бағасы 27%-ға төмендеді — А. Цой
26 Қаңтар 2021, 13:05
ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Президент Қ. Тоқаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі
26 Қаңтар 2021, 13:01
Әрбір ұлттық жоба жалпыұлттық басымдықты орындауға бағытталуы тиіс — Қ. Келімбетов
26 Қаңтар 2021, 12:36
ҚР БҚДА бәсекелестікті дамыту жолындағы 58 жүйелік кедергіні анықтады — С. Жұманғарин
26 Қаңтар 2021, 12:16
2020 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық банк 10,9% деңгейінде зейнетақы активтерінің кірістілігін қамтамасыз етті —  Е. Досаев
25 Қаңтар 2021, 23:27
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кездесу өткізді
25 Қаңтар 2021, 12:54
Сергей Громов ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды
24 Қаңтар 2021, 10:03
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №96
22 Қаңтар 2021, 19:30
Жандос Бүркітбаев ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 19:22
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кездесу өткізді
22 Қаңтар 2021, 17:11
Мемлекет басшысы денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады
22 Қаңтар 2021, 16:46
Марат Оразаев ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 12:50
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №935 Қаулысы
22 Қаңтар 2021, 12:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 қаңтардағы №11 Қаулысы
22 Қаңтар 2021, 10:19
Талғат Момышев ҚР Энергетика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 09:33
Аида Құрманғалиева ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды 
22 Қаңтар 2021, 09:25
Жәнібек Нөпіров ҚР Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 09:04
Ералы Тоғжанов Жамбыл облысының Қордай ауданында жұмыс сапарымен болды
21 Қаңтар 2021, 19:26
Арман Жұмабеков ҚР Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
21 Қаңтар 2021, 19:02
Ғабидолла Әбдірахымов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
21 Қаңтар 2021, 18:35
Өркен Бисақаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды
21 Қаңтар 2021, 17:25
АӨК көрсеткіштерінің тұрақты өсімі және бизнес жүргізудің көшбасшы позициялары — Түркістан облысының 2020 жылғы даму қорытындылары
21 Қаңтар 2021, 15:34
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан қаласының даму барысын тексерді
20 Қаңтар 2021, 21:10
Медициналық сақтандыруды іске асырудың бірінші жылы: қорытындылар мен 2021 жылға арналған міндеттер
20 Қаңтар 2021, 17:49
Инвестициялар өсімі, өнеркәсіп өнімдерін өндіру және жұмыс орындарын ашу — 2020 жылы Солтүстік Қазақстан облысының дамуы
20 Қаңтар 2021, 16:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 қаңтардағы №7 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:28
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы №4 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қаңтардағы №2 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:16
Қазақстан Президенті Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады
20 Қаңтар 2021, 15:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы №1 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 15:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы №12 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 15:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 қаңтардағы №9 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы №3 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 14:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды
19 Қаңтар 2021, 21:40
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
19 Қаңтар 2021, 19:42
Әсет Тұрысов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды
19 Қаңтар 2021, 19:02
Абылайхан Оспанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылды
19 Қаңтар 2021, 18:40
Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады
19 Қаңтар 2021, 18:14
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
19 Қаңтар 2021, 11:10
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.01.2021
19 Қаңтар 2021, 11:02
2021 жылдың соңына дейін 6 млн жуық қазақстандықты вакциналау көзделген — ҚР ДСМ
19 Қаңтар 2021, 10:58
Карантиндік шараларға 10 мыңнан аса полиция мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылған — Е. Тұрғымбаев
19 Қаңтар 2021, 09:45
Қазақстанда 1 ақпанда халықты жаппай вакциналау басталады
18 Қаңтар 2021, 20:01
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жаңа тағайындалған ұлттық экономика, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлерін таныстырды    
18 Қаңтар 2021, 17:46
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы Жарлыққа қол қойды
18 Қаңтар 2021, 16:15
19 қаңтар күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Қаңтар 2021, 10:29
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №95
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.