Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 12 ақпандағы №57 Қаулысы

Қостанай облысының білім беру және спорт ұйымдарына атау беру туралы

 

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»  1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру,   сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мынадай білім беру және спорт ұйымдарына:

  2. «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 9 орта мектебі» мемлекеттік мекемесіне – Ғафу Қайырбековтің;

  3. «Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің музыка мектебі»   мемлекеттік мекемесіне – Бақытжан Байқадамовтың;

3) Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «№ 1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік  мекемесіне – Қадырбек Оспановтың есімдері берілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу