Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 наурыздағы №229 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ішкі су және теміржол көлігі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы

 

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 1. Қоса берiлiп отырған:

 1) «Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;

 2) «Кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;

 3) «Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;

 4) «Шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу және шағын көлемді кеме ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;

 5) «Кеменiң ипотекасын мемлекеттік тіркеу және кеме ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;

 6) «Кеменің, шағын көлемді кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;

 7) «Өздігінен жүзетін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлiк және куәліктердің телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

 8) «Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеуден шығару және олардың мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

 9) «Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеуден шығару және олардың мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

 10) «Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жалға алынған шетел кемелерiнiң тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу»мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;

 11) «Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

 12) «Жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу (қайта тіркеу) және Жылжымалы құрамның мемлекеттік тізілімінен шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

 13) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

 2. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                     С. Ахметов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу