Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 желтоқсандағы №916 Қаулысы

Өңірлік үйлестіру кеңесінің үлгілік функцияларын айқындау туралы

 «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Өңірлік үйлестіру кеңесінің мынадай үлгілік функциялары айқындалсын:

1) әлеуетті қатысушыға индустриялық аймаққа рұқсат беру не рұқсат бермеу туралы шешім қабылдайды;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де функцияларды жүзеге асырады.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                                             А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу