Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 тамыздағы №557 Қаулысы

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі:

мынадай мазмұндағы 34-2-тармақпен толықтырылсын:

«34-2. Радио күні – 1 қазан».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                           А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу