Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 ақпандағы №66 Қаулысы

Жоғары оқу орындарының ерекше мәртебесі туралы ережені бекіту туралы


«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 12) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жоғары оқу орындарының ерекше мәртебесі туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) «Ерекше мәртебесі бар мемлекеттік жоғары оқу орындары туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы  5 қарашадағы № 1398 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,              2001 ж., № 39, 494-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 5 қарашадағы № 1398 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 шілдедегі №733 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 21, 227-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының
                     Премьер-Министрі                                                                               Б. Сағынтаев

Приложение
 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу