Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «15» ақпандағы № 67 қаулысы

Демалыс күнін ауыстыру туралы

Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдайлар жасау және
2016 жылғы наурыздағы жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Демалыс күнi 2016 жылғы сенбі 5 наурыздан 2016 жылғы дүйсенбі
7 наурызға ауыстырылсын.

2. Қажетті өнім шығару, қаржылықты қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылыс объектілерін іске қосу үшін еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 2016 жылғы 7 наурызда жұмыс жүргізуге құқық берілсін.

Көрсетілген күнгі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледі.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу