Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 07 сәуірдегі №365 Қаулысы

Демалыс күндерiн ауыстыру туралы

Еңбекшiлердiң демалысы үшiн қолайлы жағдай жасау және 2014 жылғы мамырдағы жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Демалыс күндерi:

2014 жылғы жексенбі 4 мамырдан ­– 2014 жылғы жұма 2 мамырға;

2014 жылғы жексенбі 11 мамырдан ­– 2014 жылғы бейсенбі 8 мамырға ауыстырылсын.

2. Қажетті өнім шығару, қаржылықты қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылыс объектілерін іске қосу үшін еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 2014 жылғы 2 және 8 мамырда жұмыс жүргізуге құқық берілсін.

Көрсетілген күнгі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледі.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                                       К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу