Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 17 қарашадағы №912 қаулысы

«Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 ақпандағы №30 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 ақпандағы №30 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қоғамдық тамақтандыру саласындағы қызмет түрлерін айқындау туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 696-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қоғамдық тамақтандыру саласындағы қызмет түрлері айқындалсын.»;

көрсетілген қаулымен айқындалған бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлері осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                      Ә. Смайылов

 

қосымша

 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу