Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі №376 Қаулысы

«Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1508 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің                             2012 жылғы 29 қарашадағы № 1508 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 1, 17-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі қағидаларында:

2-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

«10-1) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы (бұдан әрі – есеп айырысу-қаржы орталығы) – жүйелік оператор құратын және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндірген және Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің электр желілеріне берілген электр энергиясын орталықтандырылған түрде сатып алуды және сатуды «Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шiлдедегiҚазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен жүзеге асыратын заңды тұлға;»;

46-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«46. Жүйелік оператор, есеп айырысу-қаржы орталығын қоспағанда, әрбір теңгерім провайдері үшін тәуліктің әрбір сағатына электр энергиясының теңгерімсіздігі үшін төлемдерді есептеуді жүзеге асырады:»;

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) есеп айырысу кезеңінің нәтижелері бойынша шектес мемлекеттердің ұйымдарымен және шаруашылық жүргізуші субъектілерімен, есеп айырысу-қаржы орталығымен жасалған шарттар мен өзара қарым-қатынастардың өзге талаптарымен негізделген есеп айырысу дебеті мен есеп айырысу кредитінің көлемдері сәйкес келмеген жағдайда, электр энергиясы оң теңгерімсіздігінің сағаттық бағалары түзетуші коэффициентті есепке ала отырып, қайта есептеледі;».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрi                                              К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу