Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 ақпандағы №75 Қаулысы

«Концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар санатқа жатқызу критерийлерін және олардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 1060 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар санатқа жатқызу критерийлерін және олардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 1060 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 61, 569-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Ерекше маңызы бар концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған ерекше маңызы бар концессиялық жобалардың тізбесі бекітілсін.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу