Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «19» ақпандағы № 90 қаулысы

«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014 – 2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 62 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 1. «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014 – 2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 62 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 4, 43-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

         4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

         «4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне жүктелсін.»;

         көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014 – 2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу