Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 наурыздағы №149 Қаулысы

Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға 2015 жылға қаражат бөлу туралы

 

«2015 − 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына және «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың  2011 − 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға 2015 жылға қаражат бөлінсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды қамтамасыз етсін.

3. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5 күніне дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың іске асырылу барысы туралы есеп берсін.

4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жартыжылдық қорытындылары бойынша, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

5. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                К. Мәсімов

Қосымша 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу