Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 шілдедегі №505 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 11 желтоқсандағы №820 және «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы №820 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігінде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қызметін өңдеу өнеркәсібінде және агроөнеркәсіптік кешенде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі – ЖКС) қолдау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның (бұдан әрі – АНК) 2018 – 2023 жылдары екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі – ЕДБ) қаржыландыруының жалпы көлемі 1 трлн теңгеге дейін.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Нысаналы индикаторлар

Нысаналы индикаторлар:

1) қарапайым заттар экономикасының тауарлары бойынша импорт үлесін 2024 жылға қарай 2018 жылғы деңгейден 20 %-ға төмендету;

2) қарапайым заттар экономикасы өнімдерін шығаруды 2024 жылға қарай 2018 жылғы деңгейден 20 %-ға өсіру.»;

4-тармақта:

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«4. ЕДБ-ге және АНК-ге қаражат беру шарттары:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз қаражаты мен өзінің басқаруындағы қаражат есебінен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінің мөлшеріне байланыстырылған және 1,5 пайыздық тармақтан асырылмай ұлғайтылған қорытынды кірістілік мөлшерлемесі бойынша 10 жылға дейін өтеу мерзімімен 1 трлн теңгеге дейінгі сомаға ЕДБ мен АНК облигацияларын сатып алуды жүзеге асырады.»;

үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Әрбір ЕДБ-ға облигацияларды сатып алудың ең жоғары лимиті 182 млрд теңгеден, бірақ бір ЕДБ-ға меншікті капиталдың 1,5 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс, ал АКК-ге облигацияларды сатып алу лимиті 170 млрд, теңгеден аспауға тиіс. ЕДБ лимитті ішінара не толық пайдаланбаған жағдайда пайдаланылмаған лимит мүдделі ЕДБ арасында қайта бөлінуі мүмкін.»;

5-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Тетік шеңберінде қатысу үлестерін сатып алуға жол берілмейді.»;

7-тармақта:

үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«ЖКС үшін номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа  ұлғайтылған базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайды;»;

бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«субсидиялау және кепілдік беру мерзімі – қоса алғанда 5 жылға дейін, бұл ретте ЕДБ, ЛК және АНК кредит/қаржылық лизинг мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге кредит/қаржылық лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін төлеу және/немесе негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезеңді/кейінге қалдыруды ұсына алады.»;

жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Бұл ретте:

1) кредиттік бюроның деректеріне сәйкес кредит беру немесе кредиттік өтінім беру сәтінде күнтізбелік 90 күннен астам мерзімі өткен несиелік берешегі бар;

2) ЕДБ-мен, ЛК-мен және АКК-мен байланысты, қаржыландыруды немесе қаржылық лизингті жүзеге асыратын тұлғалар болып табылатын ЖКС жобалары қаржыландыруға жатпайды.»;

мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:

«ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді тазарту, ректификациялау және араластыру) бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі жобалар бойынша ЖКС-ны қаржыландырған кезде жобаларды іріктеудің мынадай өлшемшарттары қолданылады:

1) әрбір күнтізбелік жыл үшін тетікке қатысқанға дейінгі алдыңғы 3 жылда ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді тазарту, ректификациялау және араластыру) бойынша акцизделетін өнім шығаратын ЖКС төлеген салық төлемдерінің көлемі ЖКС-нің өндіріс объектісі орналасқан жер бойынша жергілікті бюджеттің жалпы кірісінің сомасына балама немесе оның кемінде 10 %-ын құрайды;

2) тетікке қатысқанға дейінгі соңғы күнтізбелік 3 жылда ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді тазарту, ректификациялау және араластыру) бойынша акцизделетін өнім шығаратын ЖКС төлеген салықтардың жыл сайынғы мөлшері 1 600 000 АЕК-тен төмен емес.»;

8-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді тазарту, ректификациялау және араластыру) бойынша акцизделетін өнім шығаратын тұлғалар үшін мынадай талаптар қойылады:

100 % инвестициялық мақсаттар: жұмыс органы/қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін жұмыс орындарын ұлғайту немесе кірісті 20 %-ға өсіру;

қарыз алушының бір жобасы шеңберінде инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын 50 %-дан аспайтын мөлшерде толықтыруға: жұмыс орындарын және/немесе салық төлемдерін және/немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) ұлғайтуға және/немесе жұмыс органы/қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін табысты 20 %-ға өсіру (тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салық төлемдерін ұлғайтуды қамтамасыз етеді).»;

9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«9. ЖКС жобаларын субсидиялау шарттары:

Өңдеу өнеркәсібіндегі, агроөнеркәсіптік кешендегі көрсетілетін қызметтер және қайта өңдеу бойынша ЖКС жобаларын субсидиялау шарттары:

Субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы№728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның іс-шараларын және осы тетікті іске асыруға бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылады.

ЖКС-нің ЕДБ, ЛК мен АНК беретін кредиттері/қаржылық лизингтері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша, өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтердегі жобаларды субсидиялау номиналдық сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 7%-ын ЖКС төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады.

ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді тазарту, ректификациялау және араластыру) бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 7,5 %-ын ЖКС төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады.

Осы тармақтың үшінші бөлігінің күші 2018 жылғы 11 желтоқсаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Инвестицияларға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 жылдан аспайды.

Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер мен қаржылық лизингті субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 жылдан аспайды.

Санкциялар қолданылатын ЕДБ/ЖК бұрын мақұлдаған/берген және осы тетікте көрсетілген талаптарға сәйкес келетін кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг те субсидиялауға жатады.

Бұл ретте қайта қаржыландыру ЕДБ/ЛК меншікті қаражаты есебінен ғана жүзеге асырылады.

Осы тетік шеңберінде іске асырылатын жобаларды субсидиялау шарттары, тәртібі мен тетігі, сондай-ақ оларды мониторингтеу 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.

10. ЖКС жобаларына кепілдік беру шарттары:

Номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және ЕДБ/ЛК шешім қабылдаған күнге 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған ЕДБ кредиттері/ЛК қаржылық лизингі кепілдендіруге жатады. Қарыз алушының бір жобасы шеңберіндегі кепілдік мөлшері 1 млрд теңгені қоса алғанға дейінгі кредит сомасының 50%-ынан аспайды. Қаржылық лизинг бойынша кепілдіктің ең жоғары мөлшері сомасы қоса алғанда 1 млрд теңгеден аспайтын лизинг нысанасы құнының 70 %-ынан аспайды. Қосымша қамтамасыз ету ретінде жылжымайтын және/немесе жылжымалы мүлікті, сондай-ақ құрылтайшылардың/қатысушылардың/акционерлердің және/немесе үшінші тұлғалардың кепілдіктерін қабылдауға жол беріледі.

Кепілдік мерзімі кредит мерзімінен аспайды.

Бұл ретте кредит бойынша қамтамасыз етудегі айырманы (кепіл құнын) кәсіпкер жабады (қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептеу кезінде талап ету құқығының кепілі мен шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің кепілі ескерілмейді).

Инвестицияларға, айналым қаражатын толықтыруға берілетін (оның ішінде жаңартылатын негізде) ЕДБ кредиттері/ЛК қаржылық лизингі кепілдендіруге жатады. 

Санкциялар қолданылатын ЕДБ/ЖК бұрын мақұлдаған/берген және осы тетікте көрсетілген талаптарға сәйкес келетін кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг те кепілдендіруге жатады.

Бұл ретте қайта қаржыландыру ЕДБ/ЛК меншікті қаражаты есебінен ғана жүзеге асырылады.

Осы тетік шеңберінде іске асырылатын жобаларға кепілдік беру шарттары, тәртібі және тетігі, сондай-ақ оларды мониторингтеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде Кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдік беру қағидаларымен регламенттеледі.

Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс және қайта өңдеу бойынша іске асырылатын жобаларға кепілдік беру шарттары, тәртібі мен тетігі, сондай-ақ оларды мониторингтеу агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның бұйрығымен регламенттеледі. Кепілдік беру шеңберінде кәсіпкердің кредит бойынша қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептеу кезінде талап ету құқығының кепілі және шаруашылық серіктестіктерінің жарғылық капиталына қатысу үлесінің кепілі ескерілмейді.»;

басым жобаларға кредит және қаржылық лизинг беру тетігіне қосымшада:

басым жобалар бойынша кредит және қаржылық лизинг беруге арналған тауарлар тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 51-жолмен толықтырылсын:

51

Өзге де тауар позициялары

151

Тазарту, ректификациялау және араластыру

11.01.0

Спирттік ішімдіктерді өндіретін мекемелерді салу және (немесе) реконструкциялау, жаңғырту

»;

2) «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1060 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 94-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері/микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері/лизингтік компаниялардың қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттарын, тетігін және тәртібін айқындайды.»;

2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) екінші деңгейдегі банктер/микроқаржы ұйымдары/лизингтік компаниялар берген кәсіпкерлердің кредиттері/микрокредиттері/қаржылық лизинг шарттары;»;

3-тармақта:

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) банк-төлем агенті – лизингтік компанияның/микроқаржы ұйымының қаржы агенттігімен келісілген және лизингтік компанияның/микроқаржы ұйымының жобалар бойынша субсидияларды аудару мен есептен шығаруға арналған арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті банкі;»;

мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:

«16-1) қаржы агенттігінің уәкілетті органы – өз қызметін қаржы агенттігінің жарғысымен, қаржы агенттігінің кредиттік саясатымен берілген және қаржы агенттігінің ішкі құжаттарында бекітілген өкілеттіктері шеңберінде жүзеге асыратын, тұрақты түрде жұмыс істейтін алқалы орган;»;

мынадай мазмұндағы 21-1), 21-2), 21-3) және 21-4) тармақшалармен толықтырылсын:

«21-1) микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ) – микрокредиттер беру жөніндегі микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым;

21-2) микрокредит – микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушыға «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мөлшерде және тәртiппен ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында беретiн ақша;

21-3) микрокредит бойынша шарт – микрокредит беру туралы шарт, оған сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушыға микрокредит береді;

21-4) нақты өңірлік бағдарлама – нақты өңірдің/қаланың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін одан әрі қаржыландыру мақсатында қаржы агенттігі жергілікті атқарушы органмен немесе өзге де заңды тұлғалармен бірлесіп іске асыратын, қаржы агенттігінің уәкілетті органы бекіткен бағдарлама;»;

«28-1) санкциялар – ел немесе елдер тобы басқа елге қолданатын экономикалық сипаттағы, оның ішінде қаржылық операциялар жүргізудегі шектеу шаралары.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Субсидиялау қағидалары шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін, өз қызметін тетік шеңберінде жүзеге асыратын/жоспарлайтын жеке кәсіпкерлік субъектілерін, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген заңды тұлғаларды субсидиялау үшін көзделген қаражатты кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржы агенттігіне қаражатты аударуға өздерінің араларында жасалатын шарт негізінде қаржы агенттігінің арнайы шотына аударады.

Субсидиялау қағидалары шеңберінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен субсидиялау үшін көзделген қаражатты өңірлік үйлестіруші өздерінің араларында жасалатын субсидиялау және кепілдік беру туралы шарт негізінде қаржы агенттігіне аударады.

Субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы №522 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – «БЖК-2020» бағдарламасы)/Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – «БЖК-2025» бағдарламасы)/ұлттық жоба/тетік шеңберінде мақұлданған және қол қойылған жобалар бойынша субсидиялау нысанындағы қолдау шарасын қаржыландыру «БЖК-2025» бағдарламасы/тетік/ұлттық жоба шеңберінде бөлінген республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден және/немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан субсидиялауға бөлінген және
БЖК-2025» бағдарламасы/ұлттық жоба/тетік шеңберінде пайдаланылмаған қаражатты «БЖК-2020» бағдарламасы/«БЖК-2025» бағдарламасы/ұлттық жоба/тетік шеңберіндегі жобаларды субсидиялауға және кепілдік беруге пайдалануға болады.

Сондай-ақ кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат шеңберінде жүзеге асырылады.»;

11-тармақта:

1-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) тетік шеңберінде іске асырылатын жобаларды, сондай-ақ моторлы көлік құралдарын шығаруды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнімді (бальзамдардан басқа) шығаруды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын кәсіпкерлер;»;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) тетік шеңберінде 11-тармақтың 1) тармақшасында алып тастау көзделген қызмет түрлерін қоспағанда, кәсіпкерлердің Кодекстің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша іске асырылатын жобалары (осы тармақшаның күші 2020 жылғы 20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады) осы Субсидиялау қағидаларын іске асыру шеңберінде қатысушылар бола алмайды.»;

12-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Экономиканың басым секторларында меншікті және тиімді жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері осы Субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кәсіпкердің тіркелген жерін ескермей-ақ, «Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау» бағытына қатысушылар болып табылады. Республикалық маңызы бар қалаларды/облыс орталықтарын қоспағанда, елді мекендерде, оның ішінде
моно- және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде іске асырылатын жобалар іске асырылу орны мен кәсіпкердің тіркелген орны ескеріліп, салалық шектеулерсіз жүзеге асырылады.»;

16-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде бұрын мемлекеттік қолдау алмаған, жоба қаржы агенттігіне енгізілгенге дейін 2 (екі) жыл ішінде (мерзім алғашқы кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі) банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар және кредиттік серіктестіктер, қаржы ұйымдары бұрын берген кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған және осы Субсидиялау қағидаларында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келетін кредиттер/лизингтік мәмілелер.

Бұдан бұрын:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі №354 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы №1276 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы №124 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы №746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы;

нақты өңірлік бағдарламалар шеңберінде мақұлданған/берілген жобаларды да салалық шектеулерсіз субсидиялауға жол беріледі.

Бұл ретте жоғарыда көрсетілген бағдарламалар шеңберіндегі жобалар бойынша санкциялар қолданылатын, банктер бұрын мақұлдаған/берген кредиттер 2 (екі) жылдан астам мерзімге қайта қаржыландыруға жатады.

Осы тармақшаның екінші және сегізінші абзацтарында көрсетілген шарттарда қарыздарды қайта қаржыландыруды жүргізу үшін банктің өтінішхатын қаржы агенттігі 2022 жылғы 1 қазанға дейін (қоса алғанда) қабылдайды;»;

17-тармақта:

үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Республикалық маңызы бар қалаларды/облыс орталықтарын қоспағанда, елді мекендердегі, оның ішінде моно- және шағын қалалардағы, ауылдық елді мекендердегі жобалар бойынша қолданыстағы барлық кредиттерді/лизингтік мәмілелерді ескере отырып, кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 1,5 млрд теңгеден аспауға тиіс. Жобаларды елді мекендерде, оның ішінде моно-, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде осы Субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторлары шеңберінде іске асыратын кәсіпкерлер үшін кредит/қаржылық лизинг шартының сомасы 3 (үш) млрд теңгеден аспайды.»;

бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Бұл ретте 2018 жылғы 27 қаңтарға дейін мақұлданған 4,5 млрд теңгеге дейінгі кредиттік лимиті бар жобалар бойынша субсидиялау «БЖК-2020»  бағдарламасының бұрын мақұлданған шарттарымен жүзеге асырылады.»;

22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары, сондай-ақ «жасыл» жобаларды іске асыруға берілген кредиттер бойынша жүзеге асырылады, оның 6 %-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.

Өз қызметін осы Субсидиялау қағидаларына 1-1-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібі салаларының тізбесіне сай жүзеге асыратын және жобаларды Шымкент қаласында, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында, оның ішінде көрсетілген өңірлердің облыс орталықтарында іске асыратын кәсіпкерлер үшін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады, оның 5 %-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.»;

33 және 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«33. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және франчайзингке бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін банктің/МҚҰ-ның кредиттері/микрокредиттері бойынша жүзеге асырылады.

Тиімді инвестициялық жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және франчайзингке бағытталған жобалар деп салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жоба қаржыландырылған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтауды/ұлғайтуды немесе кірістерді (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) өсіруді немесе төленетін салықтардың (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемін 10%-ға ұлғайтуды көздейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары түсініледі. Кәсіпкерлік субъектілерінің айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттері/микрокредиттері  бойынша осы тармақта көзделген талаптар қолданылмайды.

34. Жоба қаржы агенттігіне енгізілгенге дейін 12 (он екі) ай ішінде банктер/МҚҰ бұрын берген кредиттер/микрокредиттер де жаңа кредиттерге/микрокредиттерге жатады.»;

35-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«МҚҰ үшін бір шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне қаржыландырудың ең жоғары лимиті 8 000 (сегіз мың) АЕК-тен аспайды.»;

38 және 39-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«38. Мыналарды:

1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бастама жасайтын кредит беру/микрокредит беру шарттарының өзгеруіне байланыстыларды;

2) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің кредит/микрокредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен өндіріп алынатындарды қоспағанда, Өңірлік бағдарлама шеңберінде банк/МҚҰ кредитке байланысты  қандай да бір комиссияларды, алымдарды және (немесе) өзге де төлемдерді алмайды.

39. Қаржы агенттігі қолданыстағы кредитті/микрокредитті субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда банк/МҚҰ шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне ағымдағы жылдың басынан бастап ағымдағы жылы қаржы агенттігі шешім қабылдаған күнге дейінгі кезеңде ұсталған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.

Бұл ретте осы комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер барлық тараптар бірінші субсидиялау шартына нақты қол қойған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне өтелуге жатады.

Банк/МҚҰ Субсидиялау қағидаларының осы тармағында көрсетілген мерзімдерде шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне ағымдағы жылы алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді уақтылы өтемеген жағдайда банк/МҚҰ қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.»;

43-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Тетік шеңберінде қатысу үлестерін сатып алуға жол берілмейді.»;

50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«50. Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша, өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтердегі жобаларды субсидиялау номиналдық сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 7%-ын жеке кәсіпкерлік субъектісі төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады.

ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді тазарту, ректификациялау және араластыру) бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 7,5%-ын ЖКС төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады.

Кредит/лизинг жеке кәсіпкерлік субъектісіне ұлттық валютамен беріледі.

Осы тармақ 2018 жылғы 11 желтоқсаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.»;

51-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«51. Инвестицияларға бағытталған кредиттер бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылдан аспайтын мерзімді құрайды.»;

мынадай мазмұндағы 51-1-тармақпен толықтырылсын:

«51-1. Санкциялар қолданылатын банктер/лизингтік компаниялар бұрын мақұлдаған/берген және осы тетікте көрсетілген талаптарға сәйкес келетін кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер/лизингтік мәмілелер де субсидиялауға жатады.

Бұл ретте қайта қаржыландыру банктердің/лизингтік компаниялардың меншікті қаражаты есебінен ғана жүзеге асырылады.»;

67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«67. Экономиканың неғұрлым көп зардап шеккен секторларында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау үшін қаржы агенттігіне қаражат аударуды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган қаржы агенттігінің арнайы шотына қаражат аударуға арналған шартқа сәйкес жүзеге асырады.»;

67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«67. Экономиканың неғұрлым көп зардап шеккен секторларында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау үшін қаржы агенттігіне қаражат аударуды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган қаржы агенттігінің арнайы шотына қаражат аударуға арналған шартқа сәйкес жүзеге асырады.»;

69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«69. Кәсіпкер банкке/МҚҰ-ға/лизингтік компанияға:

1) жаңа кредит/микрокредит/қаржылық лизинг шарты, оның ішінде «жасыл» жобаны іске асыруға арналған кредит бойынша осы Субсидиялау қағидаларына/тетікке сәйкес келетін шарттарда банктің/МҚҰ-ның/лизингтік компанияның ішкі нормативтік құжаттарында бекітілген нысан бойынша кредит/микрокредит беруге/қаржыландыруға арналған өтінішпен;

2) қолданыстағы кредит/микрокредит/қаржылық лизинг шарты, оның ішінде «жасыл» жобаны іске асыруға арналған кредит бойынша осы Субсидиялау қағидаларына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.»;

70-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«70. Банк/МҚҰ/лизингтік компания жобаның қаржы-экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізеді және кредит/микрокредит/лизинг беру немесе кредит/микрокредит/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін осы Субсидиялау қағидаларында/тетікте белгіленген мөлшерге дейін төмендету туралы оң шешім болған жағдайда қаржы агенттігіне хабарлай отырып, 3 (үш) жұмыс күні ішінде кәсіпкерге жазбаша жауап жолдайды.»;

71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«71. Банктің/МҚҰ-ның/лизингтік компанияның оң шешімі бар кәсіпкер қаржы агенттігіне осы Субсидиялау қағидаларына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш-сауалнамамен жүгінеді, оған мыналар қоса беріледі:

1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжат (кәсіпкердің қолымен және мөрімен (бар болса) расталған көшірме), дара кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама;

2) кәсіпкер жобасының бизнес-жоспары, ол мыналарды қамтиды:

салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту бойынша, сондай-ақ кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу бойынша немесе қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемін 10%-ға өсіру бойынша кезеңдер (осы абзацтың талабы «Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау» бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берілген жағдайда қолданылады);

өңірлік бағдарлама бойынша:

салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер  негізінде  жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түсетін кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) өсуін ұлғайту немесе жобаны қаржыландыру күнінен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемін 10%-ға ұлғайту;

тетік бойынша:

салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе жұмыс органы/қаржы агенттігі 100% инвестициялық мақсаттарға берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) 10%-ға өсуіне қол жеткізу шарты;   

салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар немесе салық төлемдері бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын немесе салық төлемдерін немесе өндіріс көлемін сақтау/ұлғайту (ақшалай мәнде) немесе жұмыс органы/қаржы агенттігі қарыз алушының бір жобасы шеңберінде инвестициялық мақсаттарға және 50%-дан аспайтын мөлшерде айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредит қаражаты  бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) 10%-ға өсуіне қол жеткізу шарты (тетіктің талаптарына сәйкес салықтар төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салық төлемдерін ұлғайтуды қамтамасыз етеді);    

салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар немесе салық төлемдері бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе өндіріс көлемін ұлғайту (ақшалай мәнде) немесе жұмыс органы/қаржы агенттігі 100% айналым қаражатын толықтыру мақсаттарына берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жылдың қорытындысы бойынша кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) 10%-ға өсуіне қол жеткізу шарты (тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салық төлемдерін ұлғайтуды қамтамасыз етеді);

3) тауарлардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына өткізілуін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері (бар болса);

4) «жасыл» жоба бойынша сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысы/сертификат («жасыл» таксономия қаралатын жоба жататын белгілі бір кіші сектор бойынша шекті шектеуді көздейтін жағдайларда  «жасыл» жобаны іске асыру мақсаттары үшін кредит алуға арналған өтініш берілген кезде).

Кәсіпкер өңірлік/жергілікті үйлестірушіге өтінім дайындау және құжаттар жинау мәселелері бойынша консультациялық қолдау алу үшін жүгіне алады.

Кәсіпкер өтінім берген сәтте сұратылып отырған кезең үшін салық берешегінің жоқ екені туралы анықтаманың болуы талап етіледі;

5) ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді тазарту, ректификациялау және араластыру) бойынша акцизделетін өнімді шығаратын жобаларға мынадай талаптар қойылады:

100 % инвестициялық мақсаттар: жұмыс орындарын ұлғайту немесе жұмыс органы/қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін кірісті 20%-ға өсіру;

қарыз алушының бір жобасы шеңберінде инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын 50%-дан аспайтын мөлшерде толықтыруға: жұмыс  орындарын және/немесе салық төлемдерін және/немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) ұлғайту және/немесе жұмыс органы/қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кірісті 20%-ға өсіру (тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салық төлемдерін ұлғайтуды қамтамасыз етеді) .»;

72-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«72. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайларда қаржы агенттігі 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, банкке/МҚҰ-ға/лизингтік компанияға/кәсіпкерге ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін қайтарады.»;

мынадай мазмұндағы 75-1-тармақпен толықтырылсын:

«75-1. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы өңірлік бағдарлама шеңберінде оң шешім қабылдаған жағдайда шешімде салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер  негізінде  жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түсетін кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) өсуін ұлғайту немесе жоба қаржыландырылған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемін 10%-ға ұлғайту көрсетіледі.»;

77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«77. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдағаннан кейін қаржы агенттігі 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттама ресімдеп, оған қол қояды және шешім оң болған жағдайда осы Субсидиялау қағидаларына 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ілеспе хатпен хаттамадан үзіндіні, шешім теріс болған жағдайда осы Субсидиялау қағидаларына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ілеспе хатпен хаттамадан үзіндіні (бұдан әрі – тиісті хат) банкке/МҚҰ-ға/лизингтік компанияға және кәсіпкерге жібереді.»;

79-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) кәсіпкердің жобаны іске асыру бизнес-жоспары не жоба бойынша сараптамалық қорытынды (банктің/МҚҰ-ның/лизингтік компанияның тиісті жұмыскерінің техникалық-экономикалық қорытындысы/экономикалық қорытындысы, бұл құжаттар болмаған жағдайда жобаның мәнін ашатын басқа құжаттар), сондай-ақ жобаның тиімділігін орындау кезеңдері;»;

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) банктің/МҚҰ-ның/лизингтік компанияның ұлттық жобаға/тетікке қатысуға мүмкіндік беретін шарттармен кредит беру/қаржылық лизинг шартын жасау немесе кәсіпкердің кредиті/микрокредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатының сканерленген көшірмесі;»;

88-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«88. Қаржы агенттігі ақпараттық жүйе арқылы тиісті хатпен хаттамадан үзіндіні жүктейді және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында кәсіпкердің «жеке кабинетіне» жібереді. Бір мезгілде қаржы агенттігі банкке/МҚҰ-ға/лизингік компанияға ілеспе хатпен хаттамадан үзіндіні жібереді.»;

90 және 91-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«90. Банк/МҚҰ/лизингтік компания қаржы агенттігінен қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімін алғаннан кейін және субсидиялау туралы шешім оң болған кезде қаржы агенттігі, банк/МҚҰ/лизингтік компания мен кәсіпкер арасында субсидиялау шарты жасалады, оған сәйкес қаржы агенттігі банкке/МҚҰ-ға/лизингтік компанияға субсидиялау шартына өтеу кестесіне сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін төлеуді жүзеге асырады.

91. Банк/МҚҰ/лизингтік компания осы Субсидиялау қағидаларының шеңберінде қолданыстағы кредит/микрокредит/лизинг бойынша субсидиялау шартына қол қойылған кезге дейін кәсіпкердің банктік қарыз шартында/микрокредит бойынша шартында/қаржылық лизинг шартында көзделген негізгі борыш пен сыйақыны уақтылы өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындамағаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығарады, ал жаңа/қолданыстағы кредиттер/микрокредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша банк/МҚҰ/лизингтік компания мыналарды:

1) кәсіпкер бастама жасаған кредит беру/микрокредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының өзгеруіне байланыстыларды;

2) кәсіпкердің кредит/микрокредит/лизинг бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен өндіріп алынатындарды;

3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланыстыларды;

4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланыстыларды (бөгде  ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, арнаулы органдардың лизинг нысанасын тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерді, банктердің көрсетілетін қызметтерін өтеуді) қоспағанда, кәсіпкерден кредитке/лизингке байланысты комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмауға және белгілемеуге міндеттенеді.»;

93-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«93. Субсидиялау шартын:

1) банк/МҚҰ/лизингтік компания:

қаржы агенттігінен хаттама/шешім алған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;

2) қаржы агенттігі:

банктен/МҚҰ-дан/лизингтік компаниядан субсидиялау шартын алған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жасайды.

Субсидиялау шарты қағаз жеткізгіште/электрондық нысанда жасалады, бұл ретте субсидиялау шартының электрондық нысанына Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңба қойылады.»;

95, 96, 97, 98, 99 және 100-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«95. Егер банк/лизингтік компания осы Субсидиялау қағидаларының
93-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімдерде субсидиялау шартын уақтылы жасаспаған жағдайда банк/МҚҰ/лизингтік компания кідірту себептерін түсіндіре отырып, қаржы агенттігін ресми хатпен хабардар етеді.

96. Егер банктік қарыз шартының/микрокредит бойынша шарттың/қаржылық лизинг шартының және/немесе субсидиялау шартының талаптары қаржы агенттігі уәкілетті органының шешіміне, осы Субсидиялау қағидаларының/тетіктің талаптарына сәйкес келмесе, қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қоймайды. Бұл ретте қаржы агенттігі банкті/МҚҰ-ны/лизингтік компанияны және кәсіпкерді 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұл туралы хабардар етеді.

97. Банк/МҚҰ/лизингтік компания ескертулерді жойған жағдайда қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қояды.

98. Банк/МҚҰ/лизингтік компания қаржы агенттігінің ескертулерімен келіспеген жағдайда қаржы агенттігі түпкілікті шешім қабылдау үшін осы мәселені қаржы агенттігінің уәкілетті органының қарауына шығарады.

99. Субсидиялау шарты кәсіпкер, банк/МҚҰ/лизингтік компания және қаржы агенттігі қол қойған күнінен бастап күшіне енеді. Бұл ретте субсидиялау мерзімінің басталуы субсидиялау шартында субсидиялау шартына қол қойылған күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын, бірақ қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен ерте болмайтын мерзімге белгіленуі мүмкін.

Субсидиялау шартына қол қойылған күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын субсидиялау мерзімінің басталуы ашық кредиттік желілер шеңберінде берілген кейінгі кредиттерге (транштарға) қолданылмайды. Осы абзац ұлттық жоба шеңберінде Субсидиялау қағидалары бекітілген күннен бастап мақұлданған жобаларға қолданылады.

100. Сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін төлеу күнін кәсіпкер, банк/МҚҰ/лизингтік компания дербес айқындайды. Егер кредит/микрокредит/лизинг бойынша сыйақыны есепке жазу субсидиялау шартына кәсіпкер, банк/МҚҰ/лизингтік компания қол қойған күннен кейінгі күні басталса, субсидиялау шартына кәсіпкер, банк/МҚҰ/лизингтік компания қол қойған күн субсидиялау кезеңіне қосылмайды.»;

103-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«103. Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы жоқ лизингтік компаниялар/МҚҰ қаржы агенттігімен келісу бойынша
банк-төлем агентін айқындайды, онда лизингтік компания/МҚҰ субсидияларды аудару үшін ағымдағы шот ашады.»;

105, 106, 107, 108 және 109-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«105. Ұлттық жобаны/тетікті іске асыру шеңберінде қаржы агенттігіне қаражат аударуды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган қаржы агенттігінің арнайы шотына қаражат аударуға арналған шартқа сәйкес жүзеге асырады. Бұл ретте бірінші төлем қаржы агенттігіне тиісті қаржы жылында көзделген қаражат сомасының 50 %-ы мөлшерінде аударылады. Кейінгі төлемдер қаржы агенттігінің өтінімдері бойынша қажеттілігіне қарай жүзеге асырылады.

106. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігі субсидиялау шартына төлемдер кестесін ескере отырып, ай сайын аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) банктегі/даму банкіндегі/банк-төлем агентіндегі ағымдағы шотқа аударуды жүзеге асырады. Бұл ретте қаражат аударылғаннан кейін қаржы агенттігі қаражаттың аударылғаны туралы құжаттың көшірмесін электрондық пошта бойынша жіберу арқылы банкті/даму банкін/МҚҰ-ны/лизингтік компанияны бір мезгілде хабардар етеді. Хабарламада банктің/даму банкінің/МҚҰ-ның/лизингтік компанияның атауы, өңір, кәсіпкердің атауы, субсидиялар сомасы және төлем жүзеге асырылған кезең көрсетіледі.

107. Банктің/даму банкінің/банк-төлем агентінің кредиттік рейтингі төмендеген және қаржылық жағдайының өзге де нашарлау белгілері орын алған  (бір немесе бірнеше жағдайдың басталуы), оның ішінде:

Standard&Poors рейтингтер шәкілі бойынша халықаралық рейтингтік агенттіктер беретін кредиттік рейтингі «В» деңгейінен төмендеген;

К4 коэффициентінің мәні 0,4 деңгейінен төмендеген;

пруденциялық нормативтер қатарынан 2 (екі) ай бойы бұзылған кезде кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды қаржы агенттігі банктің/даму банкінің/МҚҰ-ның/лизингтік компанияның кәсіпкердің кредит/микрокредит/лизинг бойынша толық төлем жүргізу (негізгі борыш, субсидияланатын және субсидияланбайтын сыйақы бөлігі) фактісі туралы хабарламасының негізінде не субсидиялау шарттарына төлем кестелерін негізге ала отырып, қысқа мерзімді кезеңге сыйақының субсидияланатын бөлігі бойынша кәсіпкердің алдағы міндеттемелерін өтейтін төлемдермен жүзеге асырады.

Банкте/даму банкінде/банк-төлем агентінде жоғарыда аталған көрсеткіштер түзетілген жағдайда қаржы агенттігі субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды субсидиялау шартына төлемдер кестесін ескере отырып, аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) жүзеге асырады.

108. Банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания қаржы агенттігінің хабарламасы негізінде кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялар сомасын қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан есептен шығаруды жүзеге асырады. Банк/даму банкі/банк-төлем агенті шоттардағы қаражатты жалпы ағымдағы қалдықтардан есептеп шығара алмайды.

109. Кәсіпкер банкке/даму банкіне/МҚҰ-ға/лизингтік компанияға банктік қарыз шартына/микрокредит бойынша шартқа/қаржылық лизинг шартына сәйкес өтеу кестесіне сай сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігінде сыйақы төлеуді жүргізеді.»;

111, 112 және 113-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«111. Кәсіпкер кредит/микрокредит/лизинг бойынша жоспарлы төлемді іс жүзінде өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан субсидиялар сомасын есептен шығарған жағдайда (кәсіпкер кредит/микрокредит/лизинг бойынша жоспарлы төлемді өтеген күнге қаржы агенттігінің шотында қаражат болған кезде) банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

112. Банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания кәсіпкер берешекті өтегенге дейін сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан қаражатты есептен шығаруды жүргізбейді және мынадай:

1) кәсіпкер банк/МҚҰ/лизингтік компания алдында төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамаған;

2) кәсіпкер лизингтік компания/банк алдында лизингтік төлемдерді енгізу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) рет және одан көп орындамаған жағдайларда бұл туралы қаржы агенттігін 2 (екі) жұмыс күні ішінде тиісті хатпен хабардар етеді.

113. Осы Субсидиялау қағидаларының 112-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайлар орын алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң хабардар еткен/хабардар етпеген жағдайда банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.»;

115-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«115. Кәсіпкердің банктік қарыз шартының/микрокредит бойынша шартының/қаржылық лизинг шартының талаптарына, қаржы агенттігі уәкілетті органының хаттамасына сәйкес қаржы агенттігі осы Субсидиялау қағидаларының талаптарына сәйкес банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін төлеу және/немесе негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезеңді берген/кейінге қалдырған кәсіпкердің кредиті/микрокредиті/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігінде субсидияларды аударуды жүзеге асырады.

Бұл ретте жеңілдікті кезеңнің/кейінге қалдырудың мерзімі осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде қаржы агенттігінің шешімінде көрсетіледі.

Кәсіпкердің жағдайын нашарлататын мән-жайлар туындаған жағдайда ол сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін төлеу және/немесе кредит/микрокредит/лизинг бойынша негізгі борышты өтеу бойынша кредит/микрокредит/лизинг мерзімі ұзақтығының жартысынан аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең алуға/кейінге қалдыруға құқылы. Бұл ретте мұндай мән-жайлардың туындағаны Мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімдерімен және/немесе уәкілетті органдардың құжаттарымен расталуға тиіс.

Кәсіпкер кредитті/микрокредитті/лизингтік мәмілені (негізгі борышты және сыйақыны) мерзімінен бұрын өтеген/қайта қаржыландырған жағдайда жеңілдікті кезеңнің/кейінге қалдырудың қолданылу уақытында кәсіпкерге субсидиялау мерзімі басталған күннен бастап мерзімінен бұрын толық өтеу/қайта қаржыландыру күніне дейінгі кезең үшін субсидиялар өтеледі.»;

116-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«116. Кәсіпкердің банктік қарыз шартының/микрокредит бойынша шартының/қаржылық лизинг шартының талаптарына, қаржы агенттігінің уәкілетті органының хаттамасына сәйкес қаржы агенттігі тетік шеңберінде банк/даму банкі/лизингтік компания сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін төлеу және/немесе негізгі борышты өтеу бойынша кредит/микрокредит/лизингтік мәміле мерзімі ұзақтығының үштен бір бөлігінен не жартысынан аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең берген/кейінге қалдырған кәсіпкердің кредиті/микрокредиті/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігінде субсидияларды аударуды жүзеге асыра алады.»;

117, 118, 119 және 120-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«117. Егер банк/МҚҰ/лизингтік компания қолданыстағы банктік қарыз шартының/микрокредит бойынша шарттың/қаржылық лизинг шартының талаптарын (кредиттің/микрокредиттің/лизингтің сомасы және (немесе) сыйақы мөлшерлемесі, жеңілдікті кезең, кәсіпкер атауының өзгеруі/борышты аудару) өзгерткен жағдайда банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания қаржы агенттігіне кредиттер/микрокредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша тиісті хабарлама жібереді, ол өз кезегінде 7 (жеті) жұмыс күні ішінде толық құжаттар топтамасын қоса бере отырып, қолданыстағы қаржыландыру талаптарына енгізілетін өзгерістер жөніндегі ақпаратты қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығарады. Қарау нәтижелері бойынша қаржы агенттігінің уәкілетті органы қолданыстағы қаржыландыру талаптарына өзгерістер енгізудің мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді. Бұл ретте қаржыландыру талаптарына жүргізілген өзгерістер хаттамада/шешімде анық көрсетіледі.

118. Қаржы агенттігі қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде банкке/МҚҰ-ға/лизингтік компанияға хаттамадан үзінді жібереді.

119. Қолданыстағы банктік қарыз шартының/микрокредит бойынша шарттың/қаржылық лизинг шартының талаптарындағы өзге де өзгерістер туралы банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания қаржы агенттігін тиісті хатпен хабардар етеді, ол өз кезегінде құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қолданыстағы қаржыландыру талаптарына енгізілетін өзгерістер бойынша шешім қабылдайды және қаржыландыру шартына жүргізілген өзгерістерді хатпен келіседі немесе келісуден бас тартады.

Бұл ретте қаржыландыру талаптарына жүргізілген өзгерістер (келісуден бас тарту) келісу хатында анық көрсетіледі.

120. Кәсіпкер қайтыс болған жағдайда банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания кәсіпкердің қайтыс болғаны туралы мәліметтерді (ақпаратты) алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне тиісті хабарлама жібереді, ол мұрагердің (мұрагерлердің) мұрагерлік құқығы басталған кезге дейін субсидиялауды уақытша тоқтату жөніндегі ақпаратты қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығарады. Мұрагердің (мұрагерлердің) мұрагерлік құқығы басталған жағдайда субсидиялауды қайта бастау туралы мәселе қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығарылады.»;

128, 129 және 130-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«128. Субсидиялауды тоқтату және қайта бастау туралы шешімді қаржы агенттігінің уәкілетті органы банктің/даму банкінің/МҚҰ-ның/лизингтік компанияның өтінішхаттары (хабарламалары), сондай-ақ мониторинг нәтижелері негізінде қабылдайды.

129. Қаржы агенттігі банктің/даму банкінің/МҚҰ-ның/лизингтік компанияның хабарламасы және/немесе мониторинг нәтижелері негізінде мынадай:

1) субсидиялау жүзеге асырылатын кредитті/микрокредитті мақсатсыз пайдалану фактілері анықталған кезде кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұрады, бұл ретте субсидиялау кредит қаражатын/лизингтік мәмілелерді мақсатсыз пайдалану сомасына барабар түрде тоқтатыла тұрады;

2) кәсіпкердің субсидиялау жүзеге асырылатын қаржылық лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын алмауы;

3) жобаның және/немесе кәсіпкердің осы Субсидиялау қағидаларының шарттарына және/немесе уәкілетті органның шешіміне сәйкес келмеуі;

4) төтенше жағдайдың/ахуалдың қолданысы кезеңінде туындаған жағдайларды қоспағанда, кәсіпкердің банктік қарыз шартына/микрокредит бойынша шартқа/субсидиялау шартына төлемдер кестесіне сәйкес төлемдерді төлеу бойынша банк/МҚҰ алдындағы міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамауы;

5) төтенше жағдайдың/ахуалдың қолданысы кезеңінде туындаған жағдайларды қоспағанда, кәсіпкердің қаржылық лизинг шартына төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес лизингтік төлемдерді енгізу бойынша лизингтік компания/банк алдындағы міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) рет және одан көп орындамауы;

6) кәсіпкердің шоттарындағы ақшаға тыйым салу (талап қоюды толық көлемде қамтамасыз ететін шоттағы ақша жеткілікті болған жағдайда талап-арызды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар ретінде шоттардағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда) және/немесе кәсіпкердің шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

7) Қазақстан Республикасының қаржылық лизинг туралы заңнамасында көзделген жағдайларда борышкерден лизинг нысанасын талап ету;

8) кәсіпкерлердің салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту бойынша, сондай-ақ кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу бойынша немесе қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін бюджетке төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемін 10 %-ға өсіру бойынша міндеттемелерді орындамауы (кәсіпкерлердің «Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау» бағытындағы жобалары бойынша);

9) өңірлік бағдарлама шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту бойынша немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу бойынша немесе жоба қаржыландырылған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемін 10 %-ға өсіру бойынша міндеттемелерді орындамауы;

10) кәсіпкерлердің тетік шеңберінде мыналар:

салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе жұмыс органы/қаржы агенттігі 100% инвестициялық мақсаттарға берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу;

салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар немесе салық төлемдері бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын немесе салық төлемдерін немесе өндіріс көлемін сақтау/ұлғайту (ақшалай мәнде) немесе жұмыс органы/қаржы агенттігі қарыз алушының бір жобасы шеңберінде инвестициялық мақсаттарға және 50%-дан аспайтын мөлшерде айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредит қаражаты  бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) 10%-ға өсуіне қол жеткізу (тетіктің талаптарына сәйкес салықтар төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салық төлемдерін ұлғайтуды қамтамасыз етеді);

салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар немесе салық төлемдері бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе өндіріс көлемін ұлғайту (ақшалай мәнде) немесе жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % айналым қаражатын толықтыру мақсаттарына берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жылдың қорытындысы бойынша кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу (тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салық төлемдерін ұлғайтуды қамтамасыз етеді) бойынша міндеттемелерді орындамауы;

11) кәсіпкердің жоспарланған «жасыл» жоба бойынша мәлімделген «жасыл» таксоманияның шекті өлшемшарттары: 

1) энергия тұтынуды төмендетудің нақты ең төмен мәндерін;

2) парниктік газдар шығарындыларының ең төмен деңгейлерін;

3) қалдықтардың үлесін азайтуды/кәдеге жаратуды;

4) су тұтынуды төмендетуді;

5) ең озық қолжетімді технологиялар анықтамалықтарының талаптарына сәйкестікті (шекті өлшемшартта көрсетілген бөлігінде) көздейтін жағдайларда жоба субсидияланғаннан бастап 2 (екі) жыл өткен соң кәсіпкер ұсынатын сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысы негізінде шекті өлшемшарттарға қол жеткізбеуі;

12)  ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді тазарту, ректификациялау және араластыру) бойынша акцизделетін өнімді шығаратын жобалар бойынша мынадай:

100% инвестициялық мақсаттар: жұмыс орындарын ұлғайту немесе жұмыс органы/қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін кірісті 20%-ға өсіру;

қарыз алушының бір жобасы шеңберінде инвестициялық мақсаттарға және
50%-дан аспайтын мөлшерде айналым қаражатын толықтыруға: жұмыс орындарын ұлғайту;

және/немесе салық төлемдерін және/немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) және/немесе жұмыс органы/қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кірісті 20%-ға өсіру (тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салық төлемдерін ұлғайтуды қамтамасыз етеді) талаптарын орындамау фактілері анықталған кезде субсидиялауды тоқтата тұрады.

130. Қаржы агенттігі осы Субсидиялау қағидаларының 129-тармағында көрсетілген фактілер анықталғаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде субсидиялауды тоқтату/тоқтатуды кейінге қалдыру не қайта бастау туралы шешім қабылдайды.

Бұл ретте қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімінде субсидиялауды тоқтату/қайта бастау туралы негіздеме көрсетіледі.

Субсидиялауды тоқтату немесе қайта бастау қаржы агенттігі субсидиялауды тоқтата тұрған күннен бастап жүзеге асырылады, бұл ретте кредитті/микрокредитті/лизингтік мәмілені мақсатсыз пайдаланған кезде субсидиялау кредит қаражатын/лизингтік мәмілелерді мақсатсыз пайдалану сомасына барабар түрде тоқтатылады. Мақсатқа сай пайдаланылуын растайтын кредиттің/микрокредиттің/лизингтің қалған бөлігі бойынша және кәсіпкер мақсатсыз пайдаланудың мөлшеріне барабар түрде төленген субсидиялар сомасын қайтарған жағдайда субсидиялау төлемдер кестесіне сәйкес жалғастырылады. Кредиттің/микрокредиттің/лизингтік мәміленің толық мақсатсыз пайдаланылғаны анықталған жағдайда субсидиялау мерзімі басталған күннен бастап субсидиялау тоқтатылады.»;

132-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«132. Қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімі шыққан күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігі хаттамадан үзіндіні ресімдейді және тиісті хабарлама хатпен банкке/даму банкіне/
МҚҰ-ға/лизингтік компанияға жібереді.»;

134-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«134. Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған кезде қаржы агенттігі тиісті хатпен кәсіпкерге, банкке/даму банкіне/МҚҰ-ға/лизингтік компанияға субсидиялау шартын біржақты бұзу туралы хабарлама жібереді, онда субсидиялау шартын бұзу күні мен бұзу себебін көрсетеді.

Осы Субсидиялау қағидаларының 120-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлерді субсидиялауды тоқтату туралы қаржы агенттігінің шешімі бар кредиттер/микрокредиттер/лизинг қайта бастауға жатпайды.»;

135-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) кәсіпкер банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания алдында банктік қарыз шарты/микрокредит бойынша шарт/қаржылық лизинг шарты бойынша кредитті/микрокредитті/лизингті толық өтеген (кәсіпкердің банкке/МҚҰ-ға/лизингтік компанияға кредитті/микрокредитті/лизингті толық өтеген күні субсидиялау тоқтатылған күн болып саналады);»;

137, 138, 139, 140 және 141-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«137. Кәсіпкер кредит/микрокредит/лизинг бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген жағдайда банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания қаржы агенттігін кредит/микрокредит/лизинг бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеу фактісі туралы 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

138. Кәсіпкер негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң хабардар еткен/хабардар етпеген жағдайда банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

139. Кәсіпкер кредит/микрокредит/лизинг бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара өтеген жағдайда банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания қаржы агенттігіне төлемдерді өтеу кестесін өзгерте отырып, субсидиялау шартына тиісті қосымша келісімді қоса бере отырып, банктік қарыз шартына/микрокредит бойынша шартқа/қаржылық лизинг шартына қосымша келісімнің көшірмесін не банктің/даму банкінің/МҚҰ-ның/лизингтік компанияның төлемдерді өтеудің электрондық форматтағы (XLS немесе XLSX) өзгертілген кестесі бар және төленуге тиесілі субсидиялар сомасы көрсетілген хатын жібереді.

Кәсіпкер күнтізбелік ай ішінде кредит/лизинг бойынша негізгі борышты бірнеше рет мерзімінен бұрын ішінара өтеген жағдайда банк/даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігіне төлемдерді өтеу кестесін өзгерте отырып, субсидиялау шартына тиісті қосымша келісімді осындай жағдайлар бойынша біріктірілген банктік қарыз шартына/микрокредит бойынша шартқа/қаржылық лизинг шартына қосымша келісімнің көшірмелерін қоса бере отырып не банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның төлемдерді өтеудің электрондық форматтағы (XLS немесе XLSX) өзгертілген кестесі бар және төленуге тиісті субсидиялар сомасы көрсетілген хатын ұсынуға жол береді.

140. Кәсіпкердің кредиті/микрокредиті/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тоқтатылған, кәсіпкердің кредит/микрокредит/лизинг бойынша негізгі борышы мерзімінен бұрын толық өтелген жағдайда банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актісін ұсынады.

Бұл ретте банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания салыстырып тексеру актісінде субсидияларды іс жүзінде есептен шығару сомалары мен күндерін көрсетеді, ал қаржы агенттігі субсидияларды аудару сомалары мен күндерін көрсетеді.

141. Кәсіпкердің мақсатсыз пайдаланылуы анықталған кредиті/микрокредиті бойынша банк/даму банкі/МҚҰ қаржы агенттігіне құжаттарды кредитті/микрокредитті мақсатсыз пайдалану фактісін растайтын құжаттармен қоса ұсынады.»;

142-тармақтың екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) банк/даму банкі/МҚҰ ұсынатын деректер мен құжаттар негізінде субсидиялау шарты жасалған кәсіпкердің жаңа кредитті/микрокредитті мақсатты пайдалануын мониторингтеу;

2) банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания ұсынатын деректер негізінде кәсіпкердің төлем тәртібін мониторингтеу;»;

143 және 144-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«143. Субсидиялау нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің және/немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты, оның ішінде «БЖК-2020» бағдарламасының/«БЖК-2025» бағдарламасының/тетіктің шеңберінде мақұлданған және қол қойылған жобалар бойынша қабылданған міндеттемелерді қаржыландыру есебінен жүзеге асырылады.

144. Жергілікті және/немесе республикалық бюджеттер қаражаты есебінен 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін субсидиялау үшін көзделген және «БЖК-2025» бағдарламасы мен тетік бойынша аударылған қаражатты қаржы агенттігі толық игергенге дейін пайдаланады.»;

148-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«148. Бұрын бекітілген «БЖК-2025»/«БЖК-2020» бағдарламалары шеңберінде осы Субсидиялау қағидалары бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттармен қолданылады.

Осы Субсидиялау қағидалары бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар бойынша кепілгерге, тең қарыз алушыға, кредиттің мақсаты мен мерзіміне, кредит сомасын азайтуға, сыйақы мөлшерлемесіне, банкке/лизингтік компанияға, кейінге қалдыруға/жеңілдікті кезеңге, өтеу күніне, өтеу шарттарына, айналым қаражатын толықтыруға арналған лимиттің жаңартылуына/жаңартылмауына, кәсіпкер атауын, ЭҚЖЖ кодын өзгертуге қатысты қаржыландырудың ағымдағы шарттарына өзгерістер енгізуге жол беріледі.

Қаржыландырудың өзге шарттары өзгерген жағдайда жобаны осы Субсидиялау қағидаларының қолданыстағы шарттарына сәйкес келтіру қамтамасыз етіледі.»;

мынадай мазмұндағы 148-1-тармақпен толықтырылсын:

«148-1. Қаржы агенттігі жаңадан құрылған облыс орталықтарында 2022 жылғы 7 маусымға дейін (қоса алғанда) мақұлдаған жобалар бойынша субсидиялау шарттарына кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттармен қол қоюға тиіс.

Қаржы агенттігі жаңадан құрылған облыс орталықтарында 2022 жылғы 7 маусымға дейін (қоса алғанда) мақұлдаған жобалар бойынша қаржыландырудың ағымдағы шарттарына кепілгерге, тең қарыз алушыға, кредиттің мақсаты мен мерзіміне, кредит сомасын азайтуға, сыйақы мөлшерлемесіне, банкке/лизингтік компанияға, кейінге қалдыруға/жеңілдікті кезеңге, өтеу күніне, өтеу шарттарына, айналым қаражатын толықтыруға арналған лимиттің жаңартылуына/жаңартылмауына қатысты өзгерістер енгізуге, кәсіпкердің атауын, ЭҚЖЖ кодын өзгертуге жол беріледі.

Қаржыландырудың өзге де шарттары өзгерген жағдайда жобаны осы Субсидиялау қағидаларының қолданыстағы шарттарына сәйкес келтіру қамтамасыз етіледі.»;

мынадай мазмұндағы 148-2-тармақпен толықтырылсын:

«148-2. Субсидиялау қағидаларына осы өзгерістер бекітілгенге дейін мақұлданған тетік шеңберіндегі жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттармен қолданылады.

Қаржыландырудың ағымдағы шарттарына кепілгерге, тең қарыз алушыға, кредиттің мақсаты мен мерзіміне, кредит сомасын азайтуға, сыйақы мөлшерлемесіне, банкке/лизингтік компанияға, кейінге қалдыруға/жеңілдікті кезеңге, өтеу күніне, өтеу шарттарына, айналым қаражатын толықтыруға арналған лимиттің жаңартылуына/жаңартылмауына қатысты өзгерістер енгізуге, кәсіпкердің атауын, ЭҚЖЖ кодын өзгертуге жол беріледі.

Қаржыландырудың өзге де шарттары өзгерген жағдайда жобаны осы Субсидиялау қағидаларының қолданыстағы шарттарына сәйкес келтіру қамтамасыз етіледі.»;

осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын;

көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:

агроөнеркәсіптік кешендегі өңдеу жобаларының шеңберіндегі кредиттер бойынша субсидиялауға арналған тауарлар тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 13-жолмен толықтырылсын:

«

13

Сусындар өндірісі

Минералды сулар және басқа да алкогольсіз сусындар өндірісі

1107

Шөлмектердегі табиғи минералды су және өзге де минералды сулар өндірісі.

Алкогольсіз сусындар өндірісі: алкогольсіз хош иістендірілген және/немесе тәттілендірілген сусындар: лимонад, оранжад, кола, жеміс сусындары, тониктер және т.б.

»;

көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада реттік нөмірі 3-жол алып тасталсын;

көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшада:

өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер жобаларының шеңберіндегі кредиттер бойынша субсидиялауға арналған тауарлар тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 37-жолмен толықтырылсын:

«                          

37

Өзге де тауар позициялары

Тазарту, ректификациялау және араластыру

11.01.0

Спирттік ішімдіктерді өндіру мекемелерін салу және (немесе) реконструкциялау, жаңғырту

»;

көрсетілген Қағидаларға 7 және 8-қосымшалар осы қаулыға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген Қағидаларға 11-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:

26-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту, сондай-ақ кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу немесе қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап
2 (екі) қаржы жылынан кейін төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемін 10 %-ға өсіру бойынша кезеңдерді қамтитын кәсіпкер жобасының бизнес-жоспары (осы абзацтың талабы «Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау» бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берілген жағдайда қолданылады);»;

55-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Ұлттық жобаны/тетікті іске асыру шеңберінде қаржы агенттігіне қаражат аударуды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган қаржы агенттігінің арнайы шотына қаражат аударуға арналған шартқа сәйкес жүзеге асырады. Бұл ретте бірінші төлем қаржы агенттігіне тиісті қаржы жылында көзделген қаражат сомасының 50 %-ы мөлшерінде аударылады. Кейінгі төлемдер қаржы агенттігінің өтінімдері бойынша қажеттілік бойынша жүзеге асырылады.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларында:

2-тармақта:

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) АХҚО қор биржасының облигацияларды шығару жөніндегі актісі – АХҚО-ны биржалық реттеу шеңберінде АХҚО қор биржасында облигацияларды шығару тәртібін регламенттейтін нормативтік құжат;»;

17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«17) купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигациялар – эмитент шығарған және қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының бағалы қағаздарының ресми тізіміне енгізілген және (немесе) қаржы агенттігі купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды жүзеге асыратын, АХҚО қор биржасының тізіміне енгізілген облигациялар, оның ішінде «жасыл» облигациялар;»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Эмитенттердің облигациялары, оның ішінде «жасыл» облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау эмитенттер облигациялар бойынша сыйақы түрінде төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің кәсіпкерлермен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.»;

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін, оның ішінде «жасыл» облигациялар бойынша субсидиялау облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және айналыс мерзімі қоса алғанда 5 (бес) жылдан аспайтын облигациялар бойынша 5 %-ға ұлғайтылған базалық сыйақы мөлшерлемесінің жалпы шамасынан аспайтын жағдайда жүзеге асырылады.

Бұл ретте көрсетілген жалпы шаманың 6 %-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.»;

17-тармақ алып тасталсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберіндегі кредиттер/қаржылық лизинг  бойынша кепілдіктер беру қағидаларында:

3-тармақта:

мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:

«14-1) қаржы агенттігінің уәкілетті органы – өз қызметін қаржы агенттігінің жарғысымен, қаржы агенттігінің кредит саясатымен берілген және қаржы агенттігінің ішкі құжаттарымен бекітілген өкілеттіктер шегінде жүзеге асыратын, тұрақты түрде жұмыс істейтін алқалы орган;»;

мынадай мазмұндағы 20-1) және 20-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«20-1) нақты өңірлік бағдарлама – нақты өңірдің/қаланың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін одан әрі қаржыландыру мақсатында қаржы агенттігі жергілікті атқарушы органмен немесе өзге де заңды тұлғалармен бірлесіп іске асыратын, қаржы агенттігінің уәкілетті органы бекіткен бағдарлама;

20-2) санкциялар – ел немесе елдер тобы басқа елге қолданатын экономикалық сипаттағы, оның ішінде қаржылық операциялар жүргізудегі шектеу шаралары;»;

12-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Экономиканың басым секторларында меншікті және тиімді жобаларды іске асыратын және/немесе іске асыруды жоспарлайтын ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер/кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері осы Кепілдік беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес кәсіпкердің тіркелген жерін ескермей-ақ, «Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау» бағытына қатысушылар бола алады.

Жаңа тиімді инвестициялық жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге, франчайзингке бағытталған жобалар деп салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін жұмыс орындарының орташа жылдық санын міндетті түрде 10 %-ға ұлғайтуды көздейтін кәсіпкерлердің жобалары түсініледі.»;

14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Осы Кепілдік беру қағидаларын іске асыру шеңберінде:

1) моторлы көлік құралдарын шығаруды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім (бальзамдардан басқа) шығаруды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарлар/өнімдер шығаруды жүзеге асыратын кәсіпкерлер;

2) қиыршықтас және құм карьерлерін игеруге арналған жобаларды қоспағанда, жобаны тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеруде іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер;

3) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тиесілі кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері;

4) меншік нысаны жеке меншік мекеме ретінде ресімделген кәсіпкерлер және коммерциялық емес ұйымдар;

5) кәсіпкерлердің Кодекстің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша іске асырылатын жобалары (осы тармақша 2020 жылғы 20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады) қатысушылар бола алмайды.

15. Республикалық маңызы бар қалаларды/облыс орталықтарын қоспағанда, жобаларды моно-, шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде іске асыратын кәсіпкерлер ломбардтардың, микроқаржы, факторингтік ұйымдардың және лизингтік компаниялардың қызметін қоспағанда, «Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау» бағыты бойынша іске асыру орны мен кәсіпкердің тіркелген жерін ескере отырып, салалық шектеулерсіз мемлекеттік қолдау ала алады. Жобалар бойынша кредит/лизинг сомасы 360 (үш жүз алпыс) млн теңгеден аспайды. Бұл ретте республикалық маңызы бар қалаларды/облыс орталықтарын қоспағанда, елді мекендерде бір кәсіпкер үшін сауда қызметі саласындағы айналым қаражатын 100 (бір жүз) млн теңгеден аспайтын сомаға толықтыруға кепілдік беруге жол беріледі.

Экономиканың басым секторлары шеңберінде жобаларды моно-, шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде іске асыратын кәсіпкерлер үшін осы Кепілдік беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес кредит/лизинг сомасы 1 (бір) млрд теңгеден аспайды.»;

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Ішінара кепілдік беру тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге, айналым қаражатын толықтыруға, франчайзингке, оның ішінде осы Кепілдік беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша экономиканың басым секторларында іске асырылатын жобалар шеңберінде ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған жобаларды іске асыруға банктер/лизингтік компаниялар беретін кредиттер/қаржылық лизинг бойынша ұсынылады. Кәсіпкерлер үшін ішінара кепілдік беру өтеусіз негізде ұсынылады. Кепілдіктер мөлшері кәсіпкерлік түріне және жоба шеңберіндегі кредит/қаржылық лизинг сомасына байланысты болады. Кепілдік беру ұсынылатын кәсіпкердің кредиті/лизингтік мәмілесі ұлттық валютада беріледі.

Қайта қаржыландыру кредиттер бойынша салалық шектеулерсіз және:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі №354 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы№1276 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы №124 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы №746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы;

нақты өңірлік бағдарламалар шеңберінде санкция қолданылатын банктер бұрын мақұлдаған/берген шарттарда жүзеге асырылады.

Осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген шарттарда қарыздарды қайта қаржыландыруды жүргізуге арналған банктің өтінішхатын қаржы агенттігі 2022 жылғы 1 қазанға дейін (қоса алғанда) қабылдайды.»;

мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:

«23-1. Ішінара кепілдік беру бір кәсіпкерге тамақ өнімдері саудасы саласындағы айналым қаражатын 500 (бес жүз) млн теңгеден аспайтын сомаға толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.»;

мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:

«26-1. Жобаларды Шымкент қаласында, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында, оның ішінде көрсетілген өңірлердің облыс орталықтарында іске асыратын жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер осы Кепілдік беру қағидаларына 1-1-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібі салаларының тізбесіне сай мемлекеттік қолдау ала алады.  Жобалар бойынша кредит сомасы 360 (үш жүз алпыс) млн теңгеден аспайды, кепілдік мөлшері кредит сомасының 85%-ынан аспайды, бұл ретте кәсіпкер құны кредит сомасының кемінде 15%-ы мөлшерінде кредит (кепіл) бойынша қамтамасыз етуді ұсынады (қамтамасыз ету мөлшерінің жеткіліктілігін есептеу кезінде талап ету құқығының кепілі мен шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді).»;

мынадай мазмұндағы 34-1-тармақпен толықтырылсын:

«34-1. Санкция қолданылатын және тетікте көрсетілген талаптарға сәйкес келетін банктер/лизингтік компаниялар бұрын берген кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер де/қаржылық лизинг те кепілдік беруге жатады.

Бұл ретте қайта қаржыландыру банктердің/лизингтік компаниялардың меншікті қаражаты есебінен ғана жүзеге асырылады.»;

39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«39. Банк/лизингтік компания шешім қабылдаған күні номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа  ұлғайтылған банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизингі кепілдік беруге жатады. Кепілдік кредит/қаржылық лизинг мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.»;

52-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қаржы агенттігінің кепілдік беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатта қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу немесе еңбекақы төлеу қорының көлемін ұлғайту немесе қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін бюджетке төленетін салықтар  (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемін 10%-ға ұлғайту мәндері көрсетіледі.»;

57-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту бойынша, сондай-ақ кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) өсуіне немесе қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін бюджетке төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің 10%-ға өсуіне қол жеткізу бойынша көрсеткіштерге қол жеткізбеген жағдайда кепілдік беру шартының күші жойылмайды;»;

75-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Кредит/лизинг/кепілдік сомасы/мерзімі ұлғайған, ЭҚЖЖ өзгерген жағдайларда жобаны ұлттық жобаның қолданыстағы шарттарына сәйкес келтіру қамтамасыз етіледі.»;

мынадай мазмұндағы 77-1-тармақпен толықтырылсын:

«77-1. Қаржы агенттігі жаңадан құрылған облыс орталықтарында 2022 жылғы 7 маусымға дейін (қоса алғанда) мақұлдаған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

Қаржы агенттігі жаңадан құрылған облыс орталықтарында 2022 жылғы 7 маусымға дейін (қоса алғанда) мақұлдаған жобалар бойынша кредиттің/лизингтің/кепілдіктің сомасын/мерзімін ұлғайтуға, ЭҚЖЖ кодын өзгертуге қатысты қаржыландырудың ағымдағы шарттармен өзгерістер енгізуге жол беріледі.

Қаржыландырудың өзге де шарттары өзгерген жағдайда жобаны осы Кепілдік беру қағидаларының қолданыстағы шарттарына сәйкес келтіру қамтамасыз етіледі.»;

осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын;

көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:

агроөнеркәсіптік кешендегі өңдеу жобалары шеңберіндегі кредиттер бойынша кепілдік беруге арналған тауарлар тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі
13-жолмен толықтырылсын:

«

13

Сусындар өндірісі

Минералды сулар және басқа да алкогольсіз сусындар өндірісі

1107

Шөлмектердегі табиғи минералды су және өзге де минералды сулар өндірісі.

Алкогольсіз сусындар өндірісі: алкогольсіз хош иістендірілген және/немесе тәттілендірілген сусындар: лимонад, оранжад, кола, жеміс сусындары, тониктер және т.б.

»;

көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада реттік нөмірі 3-жол алып тасталсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                         Ә. Смайылов

 

Қосымша

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу