Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қазандағы №679 Қаулысы

Жарияланды: Дүйсенбі, 26 Қазан 2020

«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1060 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 25-26, 139-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары:

мынадай мазмұндағы 6-1-тараумен толықтырылсын:

«6-1-тарау. Экономиканың неғұрлым көп зардап шеккен секторларында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттары

87-1. Осы тараудың күші қолданылатын, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес экономиканың неғұрлым зардап шеккен секторларында қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы мөлшерлемесісубсидиялауға жатады.

87-2. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау 2020 жылғы 31 тамызға дейін (қоса алғанда) берілген банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша, сондай-ақ 2020 жылғы 31 тамызға дейін (қоса алғанда) мақұлданған кредиттік желілер шеңберінде берілетін кредит қаражатына қатысты жүзеге асырылады.

2020 жылғы 16 наурыздан бастап 2021 жылғы 15 наурызға (қоса алғанда) дейінгі кезеңде сыйақы мөлшерлемесі мен өтеу мерзімі ұлғайтылмай қайта қаржыландырылған, бірақ 2020 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша қолданыстағы кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидиялауға жатады.

Кредит 2020 жылғы 31 тамызға дейін (қоса алғанда) толық өтелген жағдайда субсидиялауға жол берілмейді.

Экономиканың неғұрлым көп зардап шеккен секторларында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау берілген кредиттің/лизингтің ескіру мерзімі есепке алынбай жүзеге асырылады.

87-3. 2020 жылғы 16 наурыздағы жағдай бойынша(қоса алғанда) негізгі борыш және/немесе есептелген сыйақы бойынша 180 күннен астам (қоса алғанда) мерзімге мерзімі өткен берешегі бар кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидиялауға жатпайды.

87-4. Субсидиялау шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген мөлшерде жүзеге асырылады, бұл ретте номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 6%-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.

Бұл ретте мемлекеттің номиналды сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мөлшері мынадай болады:

1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі кредиттік шарт/лизингтік мәміле бойынша төлемдерді 2020 жылғы 31 тамызға дейін (қоса алғанда) төлеген жағдайда, 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 2020 жылғы 31 тамызға дейін (қоса алғанда) кредит бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесі мен 6 (алты) пайыз арасындағы айырма;

2) 2020 жылғы 1 қыркүйектенбастап 2021 жылғы 15 наурызға дейін (қоса алғанда) кредит бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесі мен 6 (алты) пайыз арасындағы айырма, бірақ 12 %-дан аспайды.

2020 жылғы 1 қыркүйектенбастап(қоса алғанда) 2021 жылғы 15 наурызға дейін (қоса алғанда)шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің номиналды сыйақы мөлшерлемесі 18%-дан асатын кредиттік шарттары/лизингтік мәмілелері, оның ішінде 2020 жылғы 16 наурыздан бері төлемдерді төлеу жүзеге асырылмаған кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша номиналды мөлшерлемені банк/лизингтік компания 18%-ға дейін төмендетуге (қайта құрылымдауға) тиіс.

87-5. Экономиканың неғұрлым көп зардап шеккен секторларында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша субсидиялау мерзімі 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 2021 жылғы 15 наурызға дейін (қоса алғанда) 12 айды құрайды.

Кредиттік шарт/лизингтік мәміле 2020 жылғы 16 наурыздан кейін жасалған кезде субсидиялау мерзімі кредиттік шарт/лизингтік мәміле жасалған күннен бастап 2021 жылғы 15 наурызға дейін (қоса алғанда) есептеледі.

87-6. Банк кредиттер бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін төлеу бойынша кейінге қалдыруды ұсынған кезде субсидиялауға көзделген қаражатты қаржы агенттігі банкке аударады және берілген кейінге қалдыру кезеңі аяқталғаннан кейін пайдаланылатын болады. Бұл ретте егер төтенше жағдай немесе шектеуіс-шаралары, оның ішінде карантин кезеңіне есептелген сыйақы сомасы берілген кейінге қалдыру шеңберінде 2021 жылғы 15 наурыздан кейінгі кезеңге ауыстырылса, онда мұндай кейінге қалдырылғантөлемдер берілген кейінге қалдыру кезеңіне субсидиялануға жатады.

87-7. Егер 2020 жылғы 16 наурыздан бастап осы қаулы күшіне енген күнге дейінгі кезеңде қарыз алушы кредит бойынша төлемдерді төлеген жағдайда осы кезеңге есептелген субсидиялау сомасы кредитті өтеу кестесіне сәйкес кейінгі кезеңдерде есептелген сыйақы бойынша берешекті өтеуге жіберіледі. Қарызды өтеу мерзімі өткеннен кейін субсидиялаудың пайдаланылмаған сомасы болған кезде бұл сома қарыз алушыға төленеді.

2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап осы қаулы күшіне енген күнге дейінгі кезеңде кредит өтелген жағдайда 2020 жылғы 16 наурыздан бастап кредитті өтеу күніне дейінгі кезең үшін сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бір бөлігінің сомасы қарыз алушыға төленеді.

87-8. Номиналды сыйақы мөлшерлемесінің мемлекет субсидиялайтын бір бөлігін ай сайын есептеу үшін кредиттік шарт/лизингтік мәміле бойынша ағымдағы айдың соңғы жұмыс күніне қолданылатын пайыздық мөлшерлеме пайдаланылатын болады.

87-9. Экономиканың неғұрлым көп зардап шеккен секторларында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша банк/лизингтік компания 2020 жылғы 30 қазанға дейін (қоса алғанда) қаржы агенттігіне:

1) кредит/лизингтік мәміле бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау үшін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесін;

2) осы Субсидиялау қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш-сауалнаманың көшірмесін ұсынады.

87-10. Экономиканың неғұрлым көп зардап шеккен секторларындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын қаржы агенттігінің уәкілетті органы банк/лизингтік компания ұсынған тізбеге сәйкес құжаттар топтамасы бар ақпарат келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.

87-11. Қаржы агенттігі мақұлдаған экономиканың неғұрлым көп зардап шеккен секторларындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша банк/лизингтік компания банктік қарыз шартын/банктік қарыз шартына қосымша келісім жасасады, онда сыйақы сомасын субсидияланатын және субсидияланбайтын бөлікке бөле отырып, төлемдер кестесін және қаржы агенттігінің талаптарына сәйкес қосымша ақпаратты көрсетеді. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі және банк/лизингтік компания қол қойған банктік қарыз шарты/банктік қарыз шартына қосымша келісім төлемдерді жүзеге асыру үшін қаржы агенттігіне жіберіледі.

Қаржы агенттігі банк/лизингтік компания берген банктік қарыз шартына/банктік қарыз шартына қосымша келісімге кестеге сәйкес өткен кезең үшін өтеуге арналған сомаларды ескере отырып, қаржы агенттігінің банктегі/банк-төлем агентіндегі шоттарына қаражат аударуды жүргізеді (қажет болған кезде).

87-12. Экономиканың неғұрлым көп зардап шеккен секторларында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау үшін қаржы агенттігіне қаражат аударуды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган қаржы агенттігінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған арнайы шотына қаражат аударуға арналған шартқа сәйкес жүзеге асырады.

87-13. Экономиканың неғұрлым көп зардап шеккен секторларындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша осы Қағидалардың 32-тармағының үшінші бөлігінде және 38-тармағында көзделген талаптар қолданылмайды.»;

осы қаулыға қосымшаға сәйкес 9-қосымшамен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі   А. Мамин

Қосымша


Жаңалықтар тізбегі
19 Қаңтар 2021, 21:40
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
19 Қаңтар 2021, 19:42
Әсет Тұрысов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды
19 Қаңтар 2021, 19:02
Абылайхан Оспанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылды
19 Қаңтар 2021, 18:40
Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады
19 Қаңтар 2021, 18:14
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
19 Қаңтар 2021, 11:10
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.01.2021
19 Қаңтар 2021, 11:02
2021 жылдың соңына дейін 6 млн жуық қазақстандықты вакциналау көзделген — ҚР ДСМ
19 Қаңтар 2021, 10:58
Карантиндік шараларға 10 мыңнан аса полиция мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылған — Е. Тұрғымбаев
19 Қаңтар 2021, 09:45
Қазақстанда 1 ақпанда халықты жаппай вакциналау басталады
18 Қаңтар 2021, 20:01
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жаңа тағайындалған ұлттық экономика, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлерін таныстырды    
18 Қаңтар 2021, 17:46
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы Жарлыққа қол қойды
18 Қаңтар 2021, 16:15
19 қаңтар күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Қаңтар 2021, 10:29
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №95
16 Қаңтар 2021, 12:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №937 Қаулысы
16 Қаңтар 2021, 11:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №949 Қаулысы
16 Қаңтар 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №915 Қаулысы
15 Қаңтар 2021, 19:07
Қазақстан Президенті Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
15 Қаңтар 2021, 17:08
Бақытжан Темірболат «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ директоры қызметіне тағайындалды
15 Қаңтар 2021, 16:25
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды
15 Қаңтар 2021, 12:55
Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуына қатысты
15 Қаңтар 2021, 11:56
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі
15 Қаңтар 2021, 10:04
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Жарлыққа қол қойды
14 Қаңтар 2021, 19:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №965 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 19:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №950 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 18:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №960 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 16:44
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының отырысына қатысты
14 Қаңтар 2021, 09:55
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы №898 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 09:06
ҚР Президенті Қ. Тоқаев жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
13 Қаңтар 2021, 10:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №943 Қаулысы
12 Қаңтар 2021, 20:12
Америкалық «Valmont Industries» Қазақстанда алдыңғы қатарлы суару жүйелері зауытын ашады
12 Қаңтар 2021, 19:20
Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады
12 Қаңтар 2021, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №955 Қаулысы
12 Қаңтар 2021, 17:52
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №941 Қаулысы
12 Қаңтар 2021, 14:40
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.01.2021
12 Қаңтар 2021, 14:16
2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда мұнай және конденсат өндіру көлемі 85,7 млн тоннаны құрады — Н. Ноғаев
12 Қаңтар 2021, 13:13
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің салалары 2020 жылы оң даму қарқынын көрсетті
12 Қаңтар 2021, 13:00
2020 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке кіріс жоспары 102,7% атқарылды — Е. Жамаубаев
12 Қаңтар 2021, 11:55
Көлік құралдарын шығару машина жасау саласының өсуіне оң әсер етті —  Б. Атамқұлов
12 Қаңтар 2021, 10:51
2020 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қордың кірісі оң болып қалды — Е. Досаев
12 Қаңтар 2021, 10:43
2020 жылы жұмыспен қамту шараларымен 1,4 млн адам қамтылды, 700 мың кәсіпкерге салықтық жеңілдіктер жасалды — ҰЭМ 
12 Қаңтар 2021, 10:02
2020 жылы нақты сектор ҚР ұлттық экономикасы тұрақтылығының негізгі факторына айналды
11 Қаңтар 2021, 15:16
12 қаңтарда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қаңтар 2021, 15:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №94
11 Қаңтар 2021, 13:30
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан Парламент Мәжілісіне сайланатын депутаттарға дауыс беру рәсіміне қатысты
11 Қаңтар 2021, 11:30
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясынан Парламент Мәжілісіне сайланатын депутаттарға дауыс беру рәсіміне қатысты
11 Қаңтар 2021, 10:36
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Мәжіліс депутаттарының сайлауында ҚХА атынан дауыс берді
11 Қаңтар 2021, 02:15
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабына барды
10 Қаңтар 2021, 16:00
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласындағы №115 сайлау учаскесіне барды
10 Қаңтар 2021, 15:30
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында дауыс берді
10 Қаңтар 2021, 07:46
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин парламент сайлауында дауыс берді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.