Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «23» сәуірдегі № 271 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің отандық өндірушілер мен экспорттаушыларды қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі 2015 – 2016 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің отандық өндірушілер мен экспорттаушыларды қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі
2015 – 2016 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

2. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы (келісім бойынша) «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бірлесіп:

1) Жоспардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне қарай Жоспардың орындалуы туралы ақпарат берсін.

3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Қазақсан Республикасының Үкіметіне тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне қарай Жоспардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                                         К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу