Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 тамыздағы № 513 қаулысы

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 94-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                     Б. Сағынтаев

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 23 тамыздағы № 513 қаулысына қосымша

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 23 тамыздағы № 513 қаулысына қосымша

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 23 тамыздағы № 513 қаулысына қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу