Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 735 қаулысы

Алматы облысының шекарасын өзгерту және Жетісу облысының шекарасын белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Алматы облысының шекарасы оның аумағынан Жетісу облысының жалпы ауданы 11848,3 мың гектар жерін шығару жолымен өзгертілсін.

2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Жетісу облысының шекарасы белгіленсін.

3. Алматы және Жетісу облыстарының әкімдіктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                   Ә. Смайылов

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу