Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №141 Қаулысы

Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы

 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына, 9-бабының          11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) «Бiлiктiлiк санатын бермей маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

2) «Бiлiктiлiк санатын бере отырып, маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

3) «Медициналық ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

4) «Денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне тәуелсiз сараптама жүргiзу үшiн жеке тұлғаларды аккредиттеу туралы куәлiк беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

5) «Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

6) «Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

7) «Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамасының белгiлi түрiн өндiру құқығына бiлiктiлiк беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

8) «Медициналық технологияларға клиникалық зерттеулер жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

9) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген жағдайларда адам ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) және (немесе) тiндерiн әкелуге, әкетуге, сондай-ақ қан мен оның компоненттерiн әкелуге, әкетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 1173қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 70, 1014-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы           20 шілдедегі № 745 және «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 1173 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2013 жылғы 20 ақпандағы № 158 қаулысы (Қазақстан Республикасының    ПҮАЖ-ы, 2013ж., № 16, 293-құжат).

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                    С. Ахметов

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу