Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «24» ақпандағы № 104 қаулысы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) көзделген құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1238 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде
    (Салық кодексі) көзделген құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1238 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 59, 839-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің
(Салық кодексі) 554-бабы 4) тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

1-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын.

  1. Осы қаулы 2016 жылғы 1 сәуірден бастапқолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                      К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу