Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 ақпандағы №88 Қаулысы

«Мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі бірыңғай операторды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 1304 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі бірыңғай операторды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы 
№ 1304 қаулысына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 80, 
687-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
    1-тармақта:
    2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
    «2) мазутты, авиациялық отынды (МемСТ 10227-86 «Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын. Техникалық шарттар») – «ҚазМұнайГаз – Аэро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;»;
    3) тармақша алып тасталсын.
    2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


    Қазақстан Республикасының 
          Премьер-Министрі                                                       Б. Сағынтаев

                        
 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу