Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 шілдедегі № 460 қаулысы

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.    Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
2.    Бағдарламаның іске асырылуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, өзге де ұйымдар (келісім бойынша):
1)    Бағдарламаны іске асыру бойынша шаралар қабылдасын;
2)    «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы
29 қарашадағы № 790 қаулысында белгіленген тәртіппен және мерзімде Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
3.    Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1)    «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің                  2016 жылғы 25 сәуірдегі № 243 қаулысы;
2)    «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 353 қаулысымен бекітілген  Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 14-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 36, 209-құжат).
4.    Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлiгiне жүктелсiн.
5.    Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі      Б. Сағынтаев

ҚР Үкіметінің 2018жылғы 24 шілдедегі № 460 қаулысына қосымша

ҚР Үкіметінің 2018жылғы 24 шілдедегі № 460 қаулысына қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу