Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 522 қаулысы

«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар (келісім бойынша) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы
29 қарашадағы № 790 қаулысына сәйкес Бағдарламаны іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне ақпарат берсін.

4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                   Б. Сағынтаев

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 522 қаулысына қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу