03 Қазан 2019, 12:14
«Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, зейнеткерлеріне, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің балаларына олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық және санаторий-курорттық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 78 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, зейнеткерлеріне, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің балаларына олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық және санаторий-курорттық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 78 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 11-12-13, 51-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін, зейнеткерлерін, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің балаларын олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық және санаторий-курорттық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, зейнеткерлеріне, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің балаларына олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық және санаторий-курорттық қызмет көрсету қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу