26 Ақпан 2015, 11:43
«Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өздерінің ақпараттық жүйелерінен және ресурстарынан мәліметтер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1483 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»
1. «Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өздерінің ақпараттық жүйелерінен және ресурстарынан мәліметтер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы
№ 1483 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 80, 1190-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» 2009 жылғы
28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 2-тармағының
3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өздерінің ақпараттық жүйелерінен және ресурстарынан мәліметтер беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өздерінің ақпараттық жүйелерінен және ресурстарынан мәліметтер беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы
2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жасау мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өздерінің ақпараттық жүйелерінен және ресурстарынан мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетіне (бұдан әрі – Комитет) беру тәртібін айқындайды.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу