01 Маусым 2021, 14:56
«2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы №419 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысына:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы:
1) 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап 15 қазан аралығындағы кезеңде интернет желісі арқылы онлайн режимде;
2) 2021 жылғы 1 – 30 қазан аралығындағы кезеңде планшеттерді пайдалану арқылы өткізілсін.»;
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне Жоспар
іс-шараларының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі (келісу бойынша):»;
көрсетілген қаулымен бекітілген 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу