Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы №851 Қаулысы

Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидалары туралы

 «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Қоса берiлiп отырған Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидалары бекітілсiн.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                       С. АХМЕТОВ

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу