Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы №21 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы №71 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы №71 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., №6, 41-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:

16-тармақта:

орталық аппараттың функциялары:

мынадай мазмұндағы 38-1) және 38-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«38-1) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен сақтау көлемдері жөнінде ұсыныстар енгізу;

38-2) жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын беру, сақтау және жаңарту мен номенклатура өзгерген жағдайларда броньнан шығару тәртібімен оларды шығару бойынша тапсырыс берушінің көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі функцияларын жүзеге асыру;».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                                   А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу