Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «27» сәуірдегі № 360 қаулысы

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына Кеңес Одағының батырлары мен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдерін беру және оларды қайта атау туралы

 

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»   1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының       4-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі    ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес білім беру ұйымдарына Кеңес Одағының батырлары мен Ұлы Отан соғысы ардагерлерініңесімдері берілсін.

2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес білім беру ұйымдары қайта аталсын.

3. Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                         К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу