Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі №682 Қаулысы

Мұнайдан жасалған тауарларға баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы және «Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 мамырдағы №638 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Мұнайдан жасалған тауарларға баға белгілеу қағидалары (әдістемесі) бекітілсін.

2. «Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 мамырдағы № 638 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген биржалық тауарлардың тізбесінде:

реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

1

Мұнай және мұнай өнімдері

Шикі мұнай

2709 00 900 

Жеңіл дистилляттар (бензин)

2710 12,
2710 12 110 0 –

2710 12 900,

2710 20 900 0

Орташа дистилляттар (реактивті қозғалтқыштарға арналған отын)

2710 19 210 0

Ауыр дистилляттар (газойлдары)

2710 19 421 0 –

2710 19 425 0,

2710 19 510 9

Ауыр дистилляттар (мазут)

2710 19 620 1 –
2710 19 680 9,
2710 20 310 1 –
2710 20 390 9

».

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі    А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу