Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «28» желтоқсандағы № 883 қаулысы

Алматы облысының кейбір білім беру ұйымдарын қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 1. Алматы облысының мынадай білім беру ұйымдары:
  2. «Ушинский атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» мемлекеттік мекемесі – «Алакөл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Лепсі орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;
  3. «Герасимовка орта мектебі» мемлекеттік мекемесі – «Алакөл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сапақ орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;
  4. «Дзержинск орта мектебі» мемлекеттік мекемесі – «Алакөл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Тоқжайлау орта мектебі»  

мемлекеттік мекемесі;

  1. «№ 2 Қабанбай орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» мемлекеттік мекемесі – «Алакөл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар Омар Молдағожин атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі;
  2. Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің «Ақши орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің «Бөлек батыр атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

  1. Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің «Қаратұрық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  2. Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің «Таусүгір орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Садық Аманжолов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  3. «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің            «Н.К. Крупская атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Ұлан орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  4. «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің            «М.В. Ломоносов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шалқар орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  5. Райымбек ауданының «Жайдақбұлақ орталау мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Райымбек аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сейдахмет Босқынбаев атындағы орталау мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  6. «Райымбек ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің           «№ 2 Кеген орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен және Түменбай бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Райымбек ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектепке дейінгі шағын орталығы және Түменбай бастауыш мектебі бар Сәдуақас Серкебаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  7. «Сарқан аудандық білім бөлімінің Новопокровка орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Сарқан ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Алмалы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  8. «Сарқан аудандық білім бөлімінің Қарғалы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Сарқан ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Мұхамеджан Тынышбаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  9. «Бөдеті орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі – «Ұйғыр ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Нүсіпбек Исахметов атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                   Б. Сағынтаев

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу