06 Қараша 2019, 11:54
«Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2019 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 мамырдағы №327 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2019 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 мамырдағы №327 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 16, 153-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2019 жылға арналған тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-жолмен толықтырылсын:
«
3 |
«Қапшағай-Күрті» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 0-67 км «Астана – Қарағанды – Балқаш – Алматы» Орталық –Оңтүстік дәлiзiн реконструкциялау |
39134495,16 мың теңге |
2019-2022 |
34479731,42 мың теңгеге дейін |
«ҚазАвто-Жол» ұлттық компания-сы» акционерлік қоғамы |
Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу