Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «29» желтоқсандағы № 891 қаулысы

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің Жаңаарқа ауданының білім бөлімінің «Түгіскен жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының
4-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің Жаңаарқа ауданының білім бөлімінің «Түгіскен жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің Жаңаарқа ауданының білім бөлімінің «Жанайдар Сәдуақасов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.  

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі                 Б. Сағынтаев

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу